Қарағандыда шаруашылық құрылысы өртенді

Қарағандыда шаруашылық құрылысы өртенді

29 қыркүйек күні сағат 08:27-де Абай қаласының Карл Маркс көшесіндегі өрт туралы хабарлама келіп түсті.
Шақырту орнына 8 қызметкер мен 2 бірлік техника жіберілді.
Шақыру орнына келген өртке қарсы қызмет бөлімшелері шаруашылық құрылыстарының жанып жатқандығын және жақын маңдағы жиналған шөпке оттың таралу қаупі бар екенін анықтады. Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру кезекші қызметінің шебер іс-әрекеттерімен өрт қысқа мерзімде 16 ш.м. алаңда толығымен сөндірілді. Өрттің таралуына жол берілмеді.
Қарағанды облысының ТЖД өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауды еске салады.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі