
Биыл Қазақстан республикасының Азаматтық қорғау қызметінің құрылғанына 25 жыл толады.
Азаматтық қорғау органдары құрылған сәттен бастап, 25 жыл және одан да көп жылдан бері осы салада қызмет атқарып келе жатқан Теміртау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері туралы сөз қозғамақпыз. Олар мемлекеттік әкімшілік қызметкерлер – Екатерина Борисовна Дынькова, Марина Николаевна Баймурзина және Светлана Шарифовна Заярная. Барлығының практикалық тәжірибелері мол және өз жұмыстарын кәсіби түрде орындайды.
Қызмет еткен жылдары олар азаматтық қорғау жүйесін дамытуға және нығайтуға елеулі үлес қосты. Төтенше жағдайлардың алдын алу, құлақтандыру және байланыс мәселелерімен, халықты төтенше жағдайлардан қорғану әдістеріне оқытумен айналысты, авариялық-құтқару қызметтері мен Теміртау қаласының азаматтық қорғау құралымдарын тарта отырып, командалық – штабтық және тактикалық оқу-жаттығуларды ұйымдастыруға қатысты.
Бірнеше рет нақты авариялық-құтқару жұмыстарына қатысып, оқиға орындарына шығуға тура келді – жолдардағы қар құрсауы, су тасқынына қарсы іс-шаралар, өрттер, коммуналдық желілердегі авариялар, судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу және тағы басқалар.
Адал және мінсіз қызметтері үшін ҚР ІІМ министрінің, ҚР ТЖ министрінің, Қарағанды облысы және Теміртау қаласы әкімдерінің, Қарағанды облысы ТЖ департаментінің және Теміртау қаласының ТЖ басқармасы басшыларының грамоталарымен және алғыс хаттарын алған. ҚР ІІМ ТЖ комитетінің «ҚР ІІМ ТЖК 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.
Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі