Қарағанды облысында азаматтық қорғау саласы бойынша кешенді оқу-жаттығу өткізілді

Қарағанды облысында азаматтық қорғау саласы бойынша кешенді оқу-жаттығу өткізілді

Қарағанды облысының Шет ауданында «Аудандық азаматтық қорғаудың кіші жүйесінің әртүрлі төтенше жағдайларға дайындығы» тақырыбында кешенді оқу-жаттығу өтті.

Оқу-жаттығудың басты мақсаты – азаматтық қорғау қызметтері мен басқару органдарының түрлі төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету қабілетін тексеру және жетілдіру. Іс-шара екі күнге созылды және нақты жоспарға сәйкес өткізілді.
Оқу-жаттығудың бірінші күні азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдарының төтенше жағдайларға дайындығы тексеріліп, практикалық іс-қимылдары пысықталды. Жаттығуға түрлі ұйымдар, өрт сөндірушілер, медициналық жедел жәрдем, полиция және басқа да мамандандырылған құрылымдар тартылды.
Екінші күні бейбіт уақыттан соғыс уақытына көшу жағдайындағы аудан жүйелерінің іс-қимылдары қарастырылды. Басқару органдарының дағдарыс жағдайында шешім қабылдауы мен эвакуациялау іс-шаралары пысықталды.
Оқу-жаттығу нәтижесінде барлық қатысушы қызметтердің құжаттары мен іс-әрекеттері бағаланып, анықталған кемшіліктер бойынша нақты ұсыныстар берілді. Мұндай жаттығулар – аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадамдардың бірі.
Шет ауданы әкімдігінің мәліметінше, алдағы уақытта анықталған кемшіліктер жойылып, азаматтық қорғау жүйесі одан әрі жетілдіріледі.

Қарағанды облысы ТЖД