Өмірлік мамандық!

Өмірлік мамандық!

Көптеген мамандықтар бар, бірақ біреуінің атауында, оның мәні мен игіліктілігі көрсетілген – аталмыш жұмыс иелері қиын жағдайға тап болған адамдарды құтқарады. Бұл мамандық-құтқарушы. Биыл тек мереке ғана емес, 25 жылдық мерейтой.
Бұл мамандықты өз күшіне сенімді, батылдығы бар, жүрегінде мейірімі және адамға тән жақсы қасиеттері бар адамдар таңдайды. Қиындыққа тап болған адамдарды құтқару барлық уақытта әр адамгершілігі мол азаматқа лайықты ар-намыс ісі болған. Құтқарушы-бұл тек мамандық қана емес, ол-кәсіп. Немқұрайлы адам, өз өмірін өзге үшін құрбандыққа шала алмайды. Табиғи, техногендік апат немесе жазатайым оқиға болсын, төтенше жағдайда адамдарға көмекке құтқарушы келеді. Көмек көрсету, адам өмірін құтқару-жай ғана әдемі сөздер емес, бұл құтқарушылардың еңбегі, олардың қызметінің негізі.
Жезқазған қаласының Төтенше жағдайлар басқармасында 1995 жылдың 18 қыркүйегінен бастап 25 жыл бойы азаматтық қорғаныс тобының бас маманы Наталья Владимировна Лакина қызмет атқарады. Басқарма бойынша электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі (ЭҚАБЖ) арқылы электрондық форматта іс жүргізу қызметіндегі оның кәсіби қасиеттерін атап өткім келеді. Сондай-ақ, ол орындауға жататын құжаттарды бақылауға қоюға жауапты міндеттердің бірін жүзеге асырады, сондай-ақ олардың орындалу мерзімдерін қадағалайды. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдайды және өтініштер бойынша жеке іс жүргізеді. Ведомстволық мұрағат бойынша жұмыс атқарады, таратылуы шектелген құжаттармен (ҚБП) жеке іс жүргізу бойынша функцияларды жүзеге асырады.
Оның іске деген принципті және адал көзқарасы атап өтілді, оған департамент пен басқарманың жұмыс жоспарларының, сондай-ақ орындау мерзімі бар басқа да құжаттардың орындалуына бақылау функциялары жүктелді. Сондай-ақ Н.В. Лакина бейбіт уақытта да, соғыс уақытында да азаматтық қорғаныс мәселелерінде құзыретті, графикалық (сызбалық) жұмыстардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді, топография мәселелерінде де білімі бар.
Н. Лакина топографиялық карталармен жұмыс тәжірибесі бар қызметкер ретінде "Протон" зымыран тасығышының құлауына байланысты себептерді тексеру жөніндегі мемлекетаралық комиссияның жұмысына қатысқанын атап өткен жөн. Сондай-ақ, Қарағанды облысы аумағының табиғи және техногендік ТЖ-ға ұшырау карталарын ресімдеу бойынша жұмыстар кешенін орындау үшін Қарағанды облысының ТЖД-не іс-сапарға жіберілді.
Жұмыста Н. В. Лакина адалдықты, еңбекқорлықты және дәлдікті көрсетеді. Ол өзіне жүктелген міндеттерді шеше алатын білікті маман ретінде өзін дәлелдеді. Басшылықтың тапсырмаларын мерзімінде және жоғары кәсіби деңгейде орындайды. Оның қызметі адал және тиімді деп бағаланады.
Ол көптеген маңызды істер жасады, және әлі де көп жұмыс атқаруы керек. Азаматтық қорғау ісіндегі бірлескен жұмыс кез келген, ең күрделі міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді және болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік береді.


Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі