Шахтинск тұрғындары құтқарушылар мен билікке көрсетілген көмек үшін алғыстарын білдірді

Шахтинск тұрғындары құтқарушылар мен билікке көрсетілген көмек үшін алғыстарын білдірді

"Біз, Парковая көшесі 43А бірінші подъездінің тұрғындары, Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары Мажитов Нұрлан Анетұлына, Воронков Александрға және өрт сөндіру бөлімінің жауынгерлеріне, ЖЭО кезекші бригадасына 23.09.2020 жылы біздің үйіміздің аумағында болған авариялық жағдайға, атап айтқанда бізге қауіп төндіретін ағаштың құлауына көмек көрсеткені және тез әрекет еткені үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Игі істер байқаусыз қалмайды. Көмек көрсете отырып, сіздер бізге жалғыз емес екенімізді, Шахтинск қаласы - үлкен отбасы екенін және оның барлық тұрғындары бір-біріне шын жүректен алаңдайтынын сезінуге мүмкіндік бердіңіздер", - делінген "Телеграмм" әлеуметтік желісінде жарияланған хатта.
Естеріңізге сала кетейік, 23 қыркүйек күні сағат 18:56-да Шахтинск қаласының ТЖ бөліміне Парковая көшесі, 43А үйдің жанында ағаштың құлау және бес қабатты үйдің пәтерлерінің терезелеріне және автомобильдерге зақым келтіру қаупі туындағаны туралы хабарлама келіп түскен болатын. Желдің күшеюі туралы ескертуге байланысты ағаштың құлау қаупін дереу жою қажет болды. ТЖБ, 3-МӨСБ және "Шахтинсктеплоэнерго" ЖШС қызметкерлерінің бірлескен іс-әрекеттерімен Шахтинск қаласы әкімдігінің қолдауымен, автокранның және өрт-техникалық жарақтандырудың көмегімен ағаштың құлау қаупі жойылды.

Жасқанатқызы Жұпар
Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі