25 жылдық құрдасы

25 жылдық құрдасы

Жаңаарқа ауданының ТЖ бөлімінің инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Ерденбай Ернар Қайроллаұлы болшағынан үміт күттіретін жас қызметкерлердің бірі.
Ернар 1995 жылы наурызының 15 жұлдызында Жаңаарқа ауданы Атасу кетінде дүниеге келді. Жанұясындағы 3 баланың кенжесі, жастайынан білімді және ұйымдастыру жұмыстары кезінде белсенділігін көрсете білді. 2012 жылы Атасу кентіндегі Ю.А. Гагарин атындағы орта мектепті жақсы нәтижемен бітірді.
Азаматтық қорғау органдарының 25 жылдығының құрдасы – Ерденбай Ернардың бала кезінен еліне қызмет ету, құтқарушы болу арманы болатын. Сол асыл арманына жету үшін, ол 2012 жылы Қарағанды политехникалық колледжіне оқуға түсіп, «Төтенше жағдайларда құтқару» мамандығы бойынша аталған оқу орынын тәмамдайды.
Ерденбай Ернар Қайроллаұлы еңбек жолын 2016 жылы Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі» ММ-ң №1 өрт сөндіру бөлімінде өрт сөндіруші ретінде бастайды. 2016 жылдың қыркүйек айында Жаңаарқа ауданындағы №50 өрт сөндіру бөліміне жүргізуші лауазымы ауысып келеді. 2018 жылы Жаңаарқа ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің инженері лауазымына тағайындалып, бүгінгі күнге дейін осы бөлімшеде қызмет атқарып жүр.
Ерденбай Ернар ұжымның және бөлім басқармасының пікірі бойынша сауатты, білімді, тәртіпті, өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарайтын маман.
«Қына тасқа бітеді, білім жасқа бітеді» дегендей Ернар өз білімі мен кәсіби деңгейін жоғарылату үшін әрқашан ізденіс үстінде жүреді. Сонымен қатар бөлімнің жедел тобы құрамында авариялық-құтқару жұмыстарына да қатысып елдің алғысын алып жүр. Мысалға, 2020 жылдың қаңтар айында аудан аумағында қар құрсауында қалған 3 автокөлікке көмекке бөлімнің жедел автокөлігімен шығып, 10 адамды құтқарды. Қызмет атқару барысында қауіпті табиғи құбылыс кезінде құтқару, су басқан аймақтарда іздеу жұмыстарын жүргізу, өрт сөндіру және адамдарды қауіпсіз жерге эвакуациялау жұмыстарын Ернар үлкен жауапкершілікпен атқарды.
Ерденбай Ернар азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің дамуына қосқан үлесі үшін Қарағанды облысы әкімінің және Жаңаарқа ауданы әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.
Ұжым арасында Ернар өз ісінің мықты маманы екенін және оның бөлімдегі алар орны ерекше екенін барлық әріптестері мойындайды. Оның мықты маман, беделді азамат болатынына сенімдіміз!

Жаңаарқа ауданының ТЖБ бас маманы
азаматтық қорғау майоры Өкімов А.Ғ.