2020 жылғы 23 қыркүйекте Қарағанды облысы ТЖД Дағдарыс орталығында ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Р.Н.Амриннің төрағалығымен ТЖ орындарынан Дағдарыс жағдайларында басқармаға жедел ақпарат (фото және бейнематериалдар) беру мәселесі бойынша ТЖД аумақтық және ведомстволық бағынысты бөлімшелерімен аудио байланыс режимінде семинар-кеңес өткізілді.
Негізгі баяндамашы ретінде ТЖД ДЖББ бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Н.С. Интуев баяндама жасады. Ол қатысушыларға ақпаратты беруге қатысты негізгі регламенттеуші құжаттарды жеткізді және ақпараттар өту регламентіне ден қою керек екендігін баса айтты. Өзара іс-қимыл және ақпарат алмасу тәртібі туралы Нұсқаулықтың қатаң орындалуын талап етті.
Одан әрі ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ КҚЖБО бастығының міндетін атқарушы азаматтық қорғау подполковнигі С. В. Рачков Абай қаласында авариялық құтқару жұмыстарын жүргізуге шығу кезінде ақпарат қабылдау және алмасу бойынша сөз сөйлеп, ақпарат беру кезіндегі олқылықтарды талқылады.
Іс-шара қорытындысы бойынша полковник Р. Н. Амрин төтенше жағдайлар орындарынан ақпаратты уақтылы және сенімді беруді қамтамасыз етудің маңыздылығына талап етті.
ТЖД аумақтық бөлімшелерінің жергілікті атқарушы органдармен, азаматтық қорғау қызметтерімен, полиция бөлімшелерімен, медициналық мекемелермен, сондай-ақ аумақтық өнеркәсіптік қауіпсіздік бөлімшелерімен және өндірістік нысаналармен өзара іс-қимылына ерекше назар аударды.
ТЖД ЖК көмекшісі
азаматтық қорғау сержанты
А. Жүргембаева