2020 жылғы 22 қыркүйекте Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Е.Бөлекпаевтың төрағалығымен 2021 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша ТЖ жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өтті, сондай-ақ шомылу кезеңінің қорытындысы шығарылды және тұрғын үй секторындағы өрттің алдын алу бойынша ағымдағы жағдай қаралды. Облыстық комиссияның отырысы онлайн видеоконференция режимінде өтті.
Негізгі баяндамашы Қарағанды облысы ТЖ департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Ибрагим Күлшімбаев болды. Сондай-ақ, 2021 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық мәселесі бойынша облыс әкімінің орынбасары қалалар мен аудандардың әкімдерін, жол қызметтерінің және облыстың басқа да ұйымдарының басшыларын тыңдады.
Жалпы су тасқыны жағдайы туралы ТЖД бастығы И. Д. Күлшімбаев баяндады. Баяндамада алдағы 2021 жылғы су тасқынына дайындық "2017-2020 жылдарға арналған су тасқыны қатерінің алдын алу және жою жөніндегі шаралар кешені" Жол картасына және облыстық инженерлік жұмыстар жоспарына сәйкес жүргізіліп жатқаны атап өтілді.
Ағымдағы жылы бірқатар іс-шаралар жоспарланған, оның ішінде Нұра және Шерубай-Нұра өзендерін санациялау бойынша. Су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары жүргізілуде және тұрақты бақылауда.
Отырыс барысында 2020 жылғы шомылу маусымының қорытындысы шығарылды. "Халықпен ауқымды алдын алу жұмыстарының арқасында судағы қайғылы оқиғалардың саны төмендегені байқалады. ТЖ департаментінің құтқарушыларымен 18 адам құтқарылды. Қарағанды облысының су айдындарында 1 маусымнан 1 қыркүйекке дейін барлығы 12 адам суға кетті, оның ішінде 4 бала. 2019 жылдың ұқсас кезеңінде облыстың су айдындарында 14 адам суға батып кетті, оның ішінде 2 бала. Судағы ТЖ – ның негізгі себептері азаматтардың бақыланбайтын су айдындарында ұйымдаспаған демалысы, мас күйінде шомылу, судағы қауіпсіздік ережелерін білмеуі немесе сақтамауы, жүзу білмеуі және балаларды ересектердің қарауынсыз суда қалдыру болып табылады" - деп атап өтті ТЖД бастығы И. Д. Күлшімбаев.
Сонымен қатар, ТЖД бастығы 2020-2021 жылдардағы алдағы жылыту кезеңінде тұрғын үй секторындағы өрттің алдын алу жөнінде баяндады. ТЖ департаментімен 15 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында "өрт қауіпсіздігі айлығы" өткізілді, оның шеңберінде барлық 7347 үй аулаларды аралаумен қамтылды, 27 мың 728 адамға нұсқау берілді, халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлерінде 139 датчик орнатылды. Бүгінгі таңда барлығы 2178 датчик орнатылған.
Комиссия отырысын қорытындылай келе, облыс әкімінің орынбасары Ермағанбет Бөлекпаев жылыту маусымына дайындық бойынша барлық шараларды қабылдауды тапсырды.
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңында облыс әкімінің қатысуымен ТЖ жөніндегі облыстық комиссияның отырысын өткізу жоспарланып отыр, онда өрт қаупі бар комиссияның қорытындысы шығарылып, басқару органдарының қысқы кезеңге дайындығы туралы тыңдалады.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі