Воробьева Людмила Игнатьевна мен Бородавченко Ирина Николаевнаны азаматтық қорғау органдарының дамуына үлес қосқан қызметкерлер деп санауға болады. Екеуі де 2020 жылдың жазында құрмет демалысына шықты.
Людмила Игнатьевна өзінің еңбек қызметін азаматтық қорғау жүйесінде 1982 жылдың тамызынан бастады. Эвакуациялық іс-шаралар бойынша бейбіт және соғыс уақытына арналған АҚ жоспарын әзірлеуге және түзетуге қатысты. Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар туындаған кезде халықты орналастыру және эвакуациялау бойынша есеп жүргізумен тікелей айналысты. Командалық-штабтық оқу-жаттығуларды өткізу және Қарағанды қаласының басқару органдарының дайындығын кешенді тексеру барысында жинау эвакуациялық пункттерін, газтұтқыштар беру пункттерін және қорғаныс құрылыстарын дайындауды жоғары кәсіби деңгейде көрсетті.
Қала тұрғындарына жеке қорғану құралдарын беру пункттерін құрды, қамтамасыз етті және есебін жүргізді. Жұмылдыру резервінің жеке қорғану құралдарының бар болуына және оларды сақтау жағдайларына бақылау жүргізді.
Эвакуациялық жинау пункттері, газтұтқыштар беру пункттері және қорғаныс құрылыстары бар барлық объектілерге тұрақты негізде әдістемелік көмек көрсетті.
Ирина Николаевна азаматтық қорғау жүйесінде 1996 жылдың сәуір айынан бастап жұмыс істеді. Қаланың АҚ жүйесінде, АҚ басқару органдарында, құралымдарында және халықта хабарлауды ұйымдастыру, жетілдіру және дамыту мәселелерімен айналысты. Барлық байланыс құралдары бойынша құлақтандыру сигналдарының өтуін бақылауды жүзеге асырды, бұзылған байланыс пен хабарлауды қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылдады, ақпаратты автоматты өңдеу жүйелерінің, компьютераралық және электрондық байланыстың, есептеу және ұйымдастыру техникасы құралдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселелерімен, ақпараттық қауіпсіздік мәселелерімен айналысты.
Өзінің бүкіл еңбек жолында тексерудің қалалық орталықтандырылған хабарлау жүйесін тексеру бойынша бақылауды жүзеге асырды. Қаланың байланыс және АҚ құлақтандыруды қамтамасыз ету қызметімен электр дабылдарының техникалық жағдайын тексеру бойынша бақылау жүргізді, электр дабылдарын дайындыққа келтіру бойынша шаралар қабылдады. Қаланың құлақтандыру жүйесін жаңғырту мәселелерімен айналысты. Басқарманың оқу-жаттығуларына және жаттығуларына қатысты, АҚ жоспарына байланыс бойынша қосымшаларды түзетеді, сондай-ақ басқарудың компьютерлік және ұйымдастыру техникасына қызмет көрсетуді жүзеге асырды.
Воробьева Людмила Игнатьевна мен Бородавченко Ирина Николаевна ТЖБ-да жұмыс істеген уақытында өздерін жоғары білікті мамандар және жан-жақты адамдар ретінде көрсетті. Бірнеше рет адал және мінсіз қызметі үшін басқарма және департамент басшыларымен марапатталды. Қазақстан Республикасы ТЖ министрлігінің «ТЖ жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен, Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖ комитетінің «ҚР ІІМ ТЖК 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.
Қарағанды қ. ТЖ басқармасы