25 жыл қызметте

25 жыл қызметте

19 қазанда қазақстандық құтқарушылар кәсіби мерекелерін атап өтуде.
Құтқарушылар күн сайын бірнеше рет өрттерге, төтенше жағдайларды жоюға, авариялық-құтқару жұмыстарына шығады.
Құтқарушылар күн сайын батылдық, батырлық және қайсарлық таныта отырып, өз ісіне адал және адал қарым-қатынас көрсетеді. Олардың арасында Сәтпаев қаласының ТЖ бөлімінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Қайрат Базарбайұлы Қапизовты атап өткім келеді.
Қайрат Базарбаевич азаматтық қорғау жүйесіндегі қызметін әскерлік борышын өтегеннен кейін 1994 жылдың қараша айынан бастады.
Өрт сөндіруші лауазымынан бастап Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «ӨСҚмАҚЖ» ММ 2-жасақ бастығына дейін, одан әрі Жезқазған қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының Өртті мемлекеттік бақылау бөлімінің бастығы, Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ЗҚҚАжАҚББ бастығының орынбасары, Сәтбаев қаласының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы лауазымына дейін Азаматтық қорғау органдарының барлық кезеңдерінен өтті. Практикалық жұмыс тәжірибесі мол, теориялық дайындығы жеткілікті. Қазіргі уақытта тәлімгер болып табылады.
Өнеркәсіптік нысандардағы күрделі өрттерді сөндіруге қатысты, апаттық – құтқару мен кезек күттірмейтін жұмыстар тобының құрамында (аға тобы), Қарағанды облысының ТЖД аумақтарының бөлімшелері Шет ауданының Шопа мен Нұраталды, Ұлытау ауданының тұрғындар пунктілерінде қызметкерлер санынан қалыптастыруын қабылдауында қатысты. Ауданның жергілікті атқарушы органдарына су тасқынына қарсы штабын ұйымдастыруына көмек көрсетті. Тұрғындар пунктілері су басуына жол бермеу бойынша алдын ала іс – шараларын анықтады. Шопа мен Нұраталды, Сарысу ауылдарында уақытша дамбасын құрастыруына қатысты. Қар құрсауында қалған адамдарды құтқару және іздестіру тобына бірнеше рет қатысты. 2018 жылдың қазан айында «Союз МС» зымыран тасығыш апат салдарын жоюын «РОССКосмос» өкілдерімен бірлесіп қатысты.
Қалалық әкімдігімен абаттандыру мен жылумен жабдықтау сұрақтары бойынша іскерлік байланысты қолдайды. Қаладағы аз қамтылған азаматтардың мәселелерін қолдау еңбек бөлімі мен халықтық әлеуметтік қорғаумен қызметтес, сонымен қатар, «Тәжік – Ауған жауынгерлік іс – қимылдардың ардагерлер» кеңесімен қызметтес. Ардагерлердің әлеуметтік қорғауын күшейту бойынша Жезқазған аймағының Төтенше жағдайлар жөніндегі органдардың ардагерлер кеңесімен бірлесіп жұмыс өткізеді.
Кез келген штаттан тыс жағдайларда, кенеттен туындайтын мәлеселеді сауатты әрі уақытылы шешуге бірнеше рет қатысты. Барлық күш-жігерін қоластындағылардың кәсіби сауаттылығына, әлеуметтік-құқықтық, тәрбиелік жұмысына, сеніп тапсырылған бөлімшенің жұмысындағы көрсеткіштердің өсуіне және қызметтің тиімділігіне бағыттайды.
ӨҚҚ басшылармен өзінің қызметтік міндеттерін мінсіз қызмет атқарған үшін бірнеше рет марапатталды. «ҚР ІІМ ішкі істер органдарының ардаргері», «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» 1,2,3 дәрежесі медальдарымен, «Төтенше жағдайлар комитетке 20 жыл» төс белгісімен марапатталды. Оған 2006 жылда Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар бойынша Министрінің бұйрығымен қызметтік міндеттерін үлгілі атқарған үшін алғыс жарияланды, 2014, 2015 жылдарда «Төтенше жағдайлар бойынша органдар қызметінде үлес қосқаны үшін» Қарағанды облысының ТЖД бастығының алғыс хат тапсырылды. 2016, 2018 жылы «СӨСН саласын дамыту мен үлесі үшін» ҚР ІІМ ТЖК Төрағасының мақтау қағазымен марапатталды.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі