Құтқарушылар-бұл сенетін және күтетін қызмет

Құтқарушылар-бұл сенетін және күтетін қызмет

Өртке қарсы қызметтің құрылғанына биыл 25 жыл толуда. Төтенше жағдай саласының қызметкерлері осынша уақыт бойы ел тыныштығын күзету жолында қызмет атқарып келеді. Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар күн түн демей, ойламаған жерден тап беретін қауіптен құтқару үшін әрдайым дайын болады.
№7 өрт сөндіру бөлімінде осы саламен түйдей құрдас Мендібаев Абай есімді жас маман өрт сөндіруші болып қызмет атқаруда. Өз еңбек жолын 2016 жылдан осы өрт сөндіру бөлімінде бастаған Абай, жас та болса көптеген өрттің алдын алып, біраз азаматтарды құтқаруда өз үлесін қосқанын айтады. Ол осы салада қызметін жалғастырып, білімін жетілдіруді көздейді және де өз қызметінің қаншалықты маңызды екенін біледі. Әріптестерінің арасында сыйлы, өз жұмысына тиянақты, үлкен жауапкершілікпен қарайды. Өрт сөндіруші болып қызмет атқаратындығын мақтан етеді.
Адам өміріне қауіп төндіретін кез-келген жағдайда көмек қолын созуға дайын тұратын құтқарушылар қызметінің осындай жас мамандармен толығып, қызметінің өркендеп өсуі мамандарының өз қызметіне деген сүйіспеншілігі мен зор еңбегінің, жауапкершілігінің нәтижесі деп білеміз.