
19 қыркүйек сағат 21:15-те Қарқаралы ауданының құтқару қызметіне Қарқаралы қаласынан оңтүстікке қарай 5 км жердегі "Сосновый бор" маңында ер адам мен әйелдің адасып кеткендігі туралы хабарлама түсті. Сағат 20:00-де орманға серуенге шыққан ерлі-зайыптылар жолдан адасып кеткен. Кері жолды өз бетінше таба алмайтындарын түсініп, құтқару қызметіне қоңырау шалады. Құтқару тобы жоғалған адамдармен телефон байланысын ұстай отырып, олардың шамамен орналасқан жерін анықтады.
Адасқандар сағат 22:40-та ТЖД іздеу тобымен Қарқаралы қаласынан 3 км қашықтықта табылды. Отбасылық жұп медициналық көмектен бас тартты.
Қарағанды облысының ТЖД орманға барарда қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұсынады.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі