
Өрт бойынша хабарлама 17-қыркүйек күні "101" пультіне 12:55-те келіп түсті.
Тәттімбет көшесіндегі он қабатты үйдің жертөлесінде заттар мен қоқыстар жанып жатты. Кіреберістегі қою түтіннің салдарынан пәтерлердегі адамдардың улы газбен улану қаупі туындады. Өрт сөндірушілер құтқару қалпақтарын пайдалана отырып баспалдақ маршы бойынша 3 адамды, оның ішінде 2 баланы шығарып, тағы 10 адамды, оның ішінде 2 баланы қауіпсіз жерге шығарды. Өрт 13:20-да сөндірілді.
Өрттің шығу себебі электр сымдардағы қысқа тұйықталуынан орын алған.
Өртті сөндіруге Департаменттің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жеке құрамынан 30 адам және 8 бірлік техникасы жұмылдырылды.
Қарағанды облысының ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі