
Өңір аумағында жалпы ауданы жүз елу гектардан асатын дала шөптерінің жануының төрт жағдайы тіркелді.
Бірінші оқиға 15 қыркүйек күні сағат 18:32-де Шет ауданы, Ақшатау кенттік округінде, Қарғалы ауылынан шығысқа қарай 10 км жерде орын алды. Өрт аумағы - 45 га, өрт 17 қыркүйекте таңғы сағат сегізде сөндірілді.
17 қыркүйекте Қарқаралы ауданы, Балқантау ауылдық округінде орын алған дала өртті, сол күні сағат 17:07-де ТЖД күшімен және ерікті өртке қарсы құралымдармен жойылды.
Екі өрт Ақтоғай ауданының Шабанбай би және Кежек ауылдық округтерінде тіркелді. Жану алаңы жалпы 85 га құрады.
Өрттер Қарағанды облысының ТЖД бөлімшелерінің және өртке қарсы ерікті құралымдардың күшімен жойылды.
Барлық жағдайларда қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Дала өрттерін сөндіру рельефтің күрделілігімен және өрттің тез таралуына ықпал ететін қатты екпінді желмен күрделенеді. Жақын маңда су қоймаларының болмауына байланысты, өртті сөндіру негізінен қолда бар құралдармен жаяу тәртіпте жүргізіледі.
Халықты өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауға шақырамыз. Табиғатта болған кезде өте сақ болыңыз: сөндірілмеген темекі тұқылдарын, сіріңкелерді тастамаңыз, сөндірілмеген алау қалдырмаңыз, сондай-ақ сынған шыны.
Дала жұмыстарына тартылатын адамдарға орман-дала алқаптарындағы өрт қауіпсіздігінің негізгі шаралары туралы нұсқау берілуі тиіс, техниканы жарамды ұшқын сөндіргіштермен жабдықтау қажет.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі