19 мамыр Қарағанды облысында жаңбыр, күндіз кей жерлерде қатты жанбыр жауады. 19-20 мамырда кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. 20-21 мамырда кей жерлерде тұман күтіледі. 19-21 мамырда солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, 19-20 мамырда екпіні 25 м/с. Күндіз 19-20 мамырда ауа температурасы 12-20 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі. Түнде 20-21 мамырда кей жерлерде 2 градус үсік күтіледі.
Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді:
- ауа райының өзгеруіне сәйкес киініңіздер;
- балаларды қараусыз қалдырмаңыздар.
Төтенше жағдай қаупі немесе фактілері туындаған жағдайда 112 немесе 43-36-36, 43-37-37 телефондарына хабарлаңыз.