Меню

Страницы

Статья

Өрт шыққан кездегі халықтың іс-қимылы

Егер Сізде немесе көршілеріңізде өрт орын алған болса, өртке қарсы қызметті шақырыңыз. Диспетчерге келесі ақпаратты хабарлауға дайын болыңыз:
• нақты мекенжайы (көше атауы, үй нөмірі, кіреберіс, қабат);
• өрт ошағының орны (пәтер, дәліз, жертөле, шатыр);
• егер жағдай мен уақыт мүмкіндік берсе, кім қоңырау шалып жатқанын, телефон нөмірін атаңыз және диспетчердің сұрақтарына жауап беріңіз;
• егер жараланғандар мен зардап шеккендер болса, олардың саны мен алған жарақаттарының сипатын атаңыз;
• қажет болған жағдайда жол және кіреберіс нұсқаларын түсіндіріңіз.
Іс-әрекеттің негізгі ережелері:
1. Газды жабыңыз.
2. Бөлмені токтан ажыратыңыз.
3. Түтін басқан бөлмелерден адамдарды көшеге шығарыңыз.
4. Терезелер мен есіктерді жабыңыз.
5. Өрттің таралуы туралы көршілерге хабарлаңыз. Әрекеттер дүрбелең тудырмауы керек.
6. Адамдарды бөлмеден шығарып, ықтимал эвакуациялау туралы ескерту қажет. Егер кіреберісте автоматты өрт қауіпсіздігі жүйесі орнатылған болса, үйдің барлық тұрғындарын хабардар етуді жылдамдату үшін оның іске қосылуын қамтамасыз етіңіз.
Егер жану ауқымы отты өз бетінше жеңуге мүмкіндік берсе, өртті өз күшіңізбен сөндіруге әрекет жасай аласыз. Ол үшін қол жетімді өрт сөндіру құралдарын: өрт сөндіргіштерді, өрт крандарын, су құбырынан алынған суды, мақта көрпені пайдалану қажет.
Тұрмыстық электр аспаптары жанған кезде ашаны розеткадан шығарып, оны тоқтан ажырату керек. Егер мұны қауіпсіз ету мүмкін болмаса, Сіз автоматты өшіру немесе электр панеліндегі тығындарды бұрап, бөлмені толығымен өшіруіңіз керек. Газ құбыры болған кезде, әсіресе, егер өрт ас үйде басталса, газ беруді жабу қажет.
Бұл өрт кезіндегі негізгі іс-әрекеттер және есте сақтаңыз, ешқандай жағдайда өрт ошағы бар бөлмеде терезелерді ашпаңыз, жаңа оттегінің түсуі өрттің қарқындылығын арттырады.


Қарағанды облысы ТЖД
АҚБ аға офицері
аға лейтенант Бахтияр М.А.

Дата публикации
08 апреля 2021
Дата обновления
08 апреля 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

31 июля 2024
Өрт сөндіру бекеттерінің дайындығын тексеру
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
27 апреля 2023
Қарағанды облысының ТЖД Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтті

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы