Меню

Страницы

Статья

Қарағанды облысының 2021 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындығы

Су тасқыны жағдайын бағалау мақсатында, су тасқыны кезеңдерін талдау және 2015-2020 жылдар аралығында жүргізілген қорғау іс-шараларын негізге ала отырып, ықтимал тасқын суларға ұшыраған 174 елді мекеннің тізбесіне түзету жүргізілді.
2015-2020 жылдар аралығында облыста барлығы 220 км қорғаныс бөгендері мен дуалдары тұрғызылып, нығайтылды, 167 елді мекенде 76 км өзен арналарын жағалауды нығайту, түбін тереңдету, түзету және кеңейту орындалды, автомобиль жолдарының 156 учаскесінде су өткізу қабілеті ұлғайтылды.
"2017-2020 жылдарға арналған су тасқыны қатерінің алдын алу және жою жөніндегі шаралар кешені" жол картасына сәйкес 69 іс-шара іске асырылды, оның ішінде 12-сі қорғаныс дуалдарын тұрғызу бойынша іс-шаралар, 55-і су өткізу құбырларын орнату бойынша іс-шаралар және 2-і Соқыр және Тоқырауын өзендерінің арналарын санациялау бойынша іс-шаралар.
Қарағанды облысы ТЖ департаментінің бастамасымен төртінші жыл қатарынан апатсыз су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша жазғы-күзгі кезеңдегі инженерлік жұмыстардың жоспары әзірленіп, облыс басшылығымен бекітіледі. Жоспарда су тасқыны жағдайын жақсарту үшін жыл сайын 100-ден астам іс-шаралар - су түбін тереңдету, тазарту, орнату және қорғау дуалдарын нығайту, арықтарды, нөсер жүйесін кеңейту және басқа да инженерлік жұмыстар көзделеді.
2020 жылдың мамыр айынан бастап 27 елді мекен аумағында (Жаңаарқа, Абай, Осакаров, Бұқар Жырау, Шет, Қарқаралы, Нұра аудандары, Қарағанды қ., Теміртау қ.) 13,555 км тұрғызылды және 9,975 км қорғаныс бөгеттері мен дуалдары нығайтылды, 4.5 км өзен арналарының су тасқыны қаупі бар учаскелеріне санация жүргізілді, 6,1 км су бұру арналарының құрылысы мен жөнделуі жүргізілді, 24.2 км кәріздеу және су бұру жүйелері тазартылды. 74 учаскеде су өткізу қабілеті артты.
Мысалы, Қарқаралы ауданында Ынталы ауылында ұзындығы 3500 метр, Көктас ауылында 1600 метр, Жаңа Жол ауылында 800 метр қорғаныс бөгеті нығайтылды. Қырғыз ауылдық округінде ұзындығы 1000 метр өзен тазартылды, Қаракөл ауылында ұзындығы 1000 метр қорғаныс бөгеті нығайтылды және ұзындығы 500 метр өзен арнасы тазартылды.
Абай ауданында Топар өзеніне санация жүргізу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта ұзындығы 2400 метр жұмыстар жүргізілді. Құлайғыр ауылында ұзындығы 1000 метр қорғаныс білігін нығайту жүргізілді.
Ақтоғай ауданының Қызыларай ауылдық округінің Ақжарық ауылында ұзындығы 350 метр "Ақжарық" су қоймасының бекінісі өткізілді. Осы ауылда ұзындығы 1000 метр арық тазартылып, кеңейтілді. Ұзындығы 400 метр жер білігін орнату арқылы "Нарманбет-Айыртас" а/ж (1км-5км) учаскесінің бойындағы жағалау сызығын нығайту жүргізілді.
Жаңаарқа ауданы, Целинный ауылдық округі, Орынбай ауылында ұзындығы 500 метр қорғаныс үйіндісі салынды. Ақтайлақ ауылының Бидайық ауылдық округінде ұзындығы 400 метр білік орнатылды. Атасу ауылының Байдалыби ауылдық округінде ұзындығы 1000 метр болатын білік салу жұмыстары жүргізілді. Ақшағат және Бидайық-2 ауылдарында ұзындығы 1000 метрден, ал М.Жұмажанов ауылында 2000 метрден қорғау біліктерін орнату жүргізілді.
Нұра ауданының Нұра кентінде бүгінгі күні 450 метр қорғаныс білігі орнатылды. "Пикет-Соналы-Изенді" автожолдарында, сондай-ақ Жанбөбек пен Заречное ауылдарында су өткізу құбырлары орнатылды. Сонымен қатар, Кертінді және Заречное ауылдарында жергілікті маңызы бар жолдардың 19 учаскесінде су өткізу қабілетін ауыстыру және ұлғайту бойынша жұмыстар жүргізілді.
Шет ауданының Ақадыр кентінде ұзындығы 120 метр нөсер жүйесін орнату бойынша жұмыстар жүргізілді. Көктенкөл 56 разъезд станциясында ұзындығы 300 метр қорғаныс білігін нығайту бойынша жұмыстар жүргізілді. Целинный ауылында ұзындығы 100 метр қорғаныс білігі салынып, қолданыстағы ұзындығы 300 метр қорғаныс бөгеті нығайтылды. Көктіңкөл ауылында ұзындығы 200 метр қорғаныс білігі нығайтылды. Ақадыр кентінде ұзындығы 1500 метр каналды тереңдету және тазалау жүргізілді. Жарғап-батыр ауылында ұзындығы 2000 метр қорғаныс білігі салынды. Ақтөбе ауылында ұзындығы 100 метр автомобиль көпірінің астында тазарту жұмыстары жүргізілді.
Бұқар Жырау ауданының Жастілек ауылында ұзындығы 400 метр, Петровка ауылында 55 метр қорғаныс білігі салынды. Сарытөбе ауылында ұзындығы 75 метр қолданыстағы білік нығайтылды. Ботақара кентінде ұзындығы 240 метр арықтарды орнату жұмыстары жүргізілді. Көкпекті ауылында ұзындығы 150 метр каналды тереңдету жұмыстары жүргізілді. Новостройка ауылында ұзындығы 1500 метр қорғаныс білігі салынды. Асыл ауылында ұзындығы 550 метр және Қаражал ауылында 150 метр білік салынды. Ғ.Мұстафин атындағы кентте ұзындығы 1100 метр каналды тазарту жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ жалпы ұзындығы 2700 метр арықтарды тазарту жұмыстары жүргізілді.
Гидротехникалық құрылыстарда 972 млн. теңгеге жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
Су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары жалғасуда және тұрақты бақылауда.

Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті

Дата публикации
17 марта 2021
Дата обновления
17 марта 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

31 июля 2024
Өрт сөндіру бекеттерінің дайындығын тексеру
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
27 апреля 2023
Қарағанды облысының ТЖД Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтті

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы