Қарағанды облысында жыл басынан бері автокөліктерде 184 өрт тіркелді. Автокөліктерде болған өрттердің негізгі себептері электр жабдықтарын монтаждау мен техникалық пайдаланудың бұзылуы болып табылады.
Көлікте өрт пен жануды болдырмау үшін Қарағанды облысының ТЖ департаменті өрт қауіпсіздігі нормалары мен ережелерін сақтауды еске салады.
Автокөлік құралдарын пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі қағидалары:
- электр сымдарын жарамды күйде ұстау, ол үшін үнемі техникалық тексеруден өту;
- пайдаланылған автокөлікті сатып алғанда, электр сымдары бар барлық нәрсе тәртіппен екеніне көз жеткізу;
- ұнтақты/көмірқышқыл өрт сөндіргішті қол жетімді жерде ұстаңыз;
- өрт сөндіргішті тек мамандандырылған дүкендерден сатып алып, оның жарамдылығын тексеріп отыру керек.
Аккумуляторларды тікелей көлік құралдарында зарядтауға, қозғалтқыштарды ашық отпен (от, алау, дәнекерлеу шамдары) жылытуға, жарық беру үшін ашық от көздерін пайдалануға жол берілмейді.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі