Сұйытылған газды тұрмыста пайдаланудың тиімділігі, ұтымдылығы және үнемділігі біздің облыста газ тұтынушылар санының көп болуын айтарлықтай дәрежеде түсіндіреді. Бірақ газды дұрыс қоспау және тасымалдау өте қауіпті екенін есте ұстаған жөн.
2020 жылғы 23-29 қараша аралығында Қарағанды облысының аумағында «Абайлаңыз - газ балоны!» төтенше жағдайлардың алдын алуға, тұрмыстық газ құрылғыларын пайдалану ережелерін бұзу салдарынан қаза болу мен жарақаттануға бағытталған.
Акция аясында халықпен және шаруашылық объектілерімен ауқымды үгіт-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп 470 қоғамдық тамақтану объектілері, газ баллонын пайдаланатын жеке мектепке дейінгі мекемелер, сондай-ақ автогаз құю станциялары бойынша 59 рейд ұйымдастырылды және өткізілді. Рейд барысында кафелердің, мейрамханалардың, балабақшалардың қызметкерлерімен тұрмыстық газды қауіпсіз пайдалану ережелері туралы нұсқаулықтар жүргізілді; жанармай құю станцияларының қызметкерлерімен АГҚС-да тұрмыстық газ баллондарын толтыруға жол бермеу туралы нұсқаулықтар жүргізілді. Бұдан басқа, автогаз құю станциялары иелерінің атына тұрғындар тұрмыста пайдаланатын газ баллондарын толтыруға тыйым салатын нормативтік-құқықтық актілердің талаптары түсіндірілген ақпараттық хаттар жіберілді. 2700-ден астам адамды қамтыған 488 нұсқама өткізіліп, жадынамалар табыс етілді.
Абоненттер газ баллондарын сатып алған кезде жаднамалар тарату арқылы халыққа баллон газын өткізетін ұйымдар арқылы жаднамалар тарату ұйымдастырылды. 5 мыңнан астам жадынама таратылды.
«Атамекен» Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасына кәсіпкерлік субъектілеріне тарату үшін газ баллондарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы жадынамалар жіберілді.
Төтенше жағдайлардың алдын алу үшін қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз:
-2 қабаттан жоғары қабатты тұрғын үйлерде газ баллондарын пайдаланбаңыз;
- үй-жайларды өз бетімен газдандыруды, газ аспаптарын, баллондар мен тиек арматурасын ауыстыруды және жөндеуді жүргізбеңіз;
- жұмыс істеп тұрған газ аспаптарын қараусыз қалдырмаңыз;
- газдың ағып кетуін тексеру үшін ашық отты пайдаланбаңыз (осы мақсатта сабын ерітіндісін қолданыңыз);
- газ аспаптарын пайдалануға балаларды жібермеу және оларды қараусыз қалдырмау;
- газ жабдығын орнату кезінде жиһаз бен басқа жанғыш материалдардан келесі қашықтықты сақтаңыз:
- ең жақын тік бетке дейін көлденеңінен 0,2 м кем емес,
- тігінен 0,7 м-ден кем емес, оның үстіне ілінетін ең жақын көлденең бетке дейін,
- жылыту радиаторларынан, басқа да жылыту аспаптарынан және пештерден кемінде 1 м;
– ашық отты жылу көздерінен кемінде 5 м.
Жанармай құю станцияларында газ баллондарын толтырмаңыз!
ГАЗ АҒЫП КЕТКЕН ЖАҒДАЙДА
- газ беруді жабыңыз;
- терезелер мен есіктерді ашыңыз;
- сіріңке, оттықтар жақпаңыз, темекі жағылған бөлмеге кірмеңіз;
- жарық пен электр құралдарын қоспаңыз;
Оқиға туралы 101 немесе 112 нөмірі бойынша дереу хабарлаңыз