Меню

Страницы

Статья

Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары мен қонақтары!

"Қазгидромет" РМК Қарағанды облысыфилиалының деректері бойынша 25 ақпанда кей жерлерде аздаған қар жауады, төменгі бұрқасын (облыстың солтүстігінде), тұман (облыстың батысында және орталығында) күтіледі. Батыстан соққан жел 9-14, облыстың солтүстігінде 15-20 м/с, ауа температурасы түнде 20-25, облыстың солтүстігі мен батысында 28-33, облыстың оңтүстігінде 15 аяз, күндіз 20-25, облыстың оңтүстігінде 13-18 градус аяз болады.
26 ақпанда жауын-шашын күтілмейді. Кей жерлерде тұман түседі (көбінесе облыстың батысы мен орталығында). Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады, ауа температурасы түнде 30-35, облыстың батысы мен солтүстігінде 38, облыстың оңтүстігінде 25, күндіз 20-25, облыстың солтүстігінде 28 градус аяз болады.
27 ақпанда күндіз облыстың батысында қар жауып, боран соғады. Кей жерлерде тұман (көбінесе облыстың орталығы мен шығысында). Жел солтүстік-шығыстан соғады 9-14, облыстың батысында 15-20 м/с, ауа температурасы түнде 30-35, облыстың солтүстігі мен шығысында 38, облыстың оңтүстігінде 25, күндіз 12-17, облыстың оңтүстігінде 8 градус аяз болады.
Қарағанды облысының ТЖД елді мекендерден тыс жерлерге және алыс қашықтықтарға, әсіресе түнде және ауа райы нашарлаған кезде, кішкентай балалармен жаяу жүрмеуге кеңес береді. Ауа-райының өзгеруіне сәйкес киініңіз.
Жүргізушілерге автомобильдердің, әсіресе дизель отынының жарамдылығын мұқият тексеру және автожолдардағы қозғалыстың жабылуы немесе шектелуі туралы ақпаратты қадағалауды ұсынамыз.
Жылыту жабдықтары мен электр құрылғыларын пайдалану ережелеріне ерекше назар аударыңыз: пешті қатты қыздырмаңыз және электр жүйесін шамадан тыс жүктемеңіз.
Барлық оқиғалар мен ТЖ фактілері туралы 112 немесе 8(7212) 43-36-36, 43-37-37 телефондары арқылы хабарласуға болады.
ТЖД жедел штабының жедел желісінің телефоны 51-72-23.

Дата публикации
25 февраля 2021
Дата обновления
25 февраля 2021
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

31 июля 2024
Өрт сөндіру бекеттерінің дайындығын тексеру
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
27 апреля 2023
Қарағанды облысының ТЖД Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтті

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы