Меню

Страницы

Статья

Қарағанды облысының ТЖД Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтті

Бүгін Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінде Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Нұрлан Бекбосынов құттықтау сөз сөйледі: "Халық бірлігі – ұлы мемлекеттің берік іргетасы. Еліміздің бүгіні мен болашағы біздің жауапкершілігіміз бен шығармашылықпен жұмыс істеу қабілетімізге, азаматтық бірлігіміз бен ұлтаралық келісімімізге байланысты. Бірлік пен достық дәстүрлері Қарағанды облысы ТЖ департаментінің ұжымында да бар. Біздің бөлімшелерде 24 ұлттың өкілдері қызмет өткеруде. Олар отандастарының қауіпсіздігі үшін қатар қызмет етеді".

Сондай-ақ, "Вайнах" этномәдени шешен-ингуш орталығының ақсақалдар кеңесінің төрағасы Сулим Исакиев құттықтау сөз сөйледі.

Іс-шара мерекелік концертпен жалғасты, онда Қарағанды облысы корейлерінің этномәдени бірлестігінің өкілдері, КИППЫМ би ансамблі, неміс халық вокалдық ансамблі және т. б. өнер көрсетті.

Қазақстан-бейбітшілік пен келісімде 150-ге жуық ұлт пен ұлыс тұратын көпұлтты ел. Өзара сыйластыққа негізделген бірлігіміз Отанымыздың табысты дамуының кепілі болсын.

 

 

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі

 

 

Дата публикации
27 апреля 2023
Дата обновления
27 апреля 2023
Тип

Сейчас читают

31 июля 2024
Өрт сөндіру бекеттерінің дайындығын тексеру
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
27 апреля 2023
Қарағанды облысының ТЖД Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтті

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы