«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті» ММ азаматтық қорғау органы қызметкерлерінің бос лауазымға орналасу үшін кәсіптік даярлауға іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдау туралы хабарлайды
Іріктеуге қатысу үшін барлық қатысушыларға қойылатын жалпыбіліктілік талаптары C-SV-13 санаты үшін: білімі орта, арнайы орта, жасыотыз бес жастан аспаған, Қорғаныс министрлігінде әскери-оқу қоры дайындығы бойынша әскери қызмет пен әскери дайындық өткендер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылған азаматтар қабылданады.
Іріктеу өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті» ММ кадр қызметіне қажетті құжаттарды тапсырған Қазақстан Республикасының азаматы конкурсқа қатысушы болып табылады.
Азаматтық қорғау органы қызметкерлерінің лауазымдық жалақысы:
|
Санаты |
Лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне байланысты |
|
|
min |
max |
|
|
C-SV-13 |
153609,96 |
308870,62 |
Өрт сөндіруші-құтқарушы – 3 бірлік (C-SV-13 дәрежесі): Теміртау қаласы – 1 бірлік, Шахтинск қаласы – 1 бірлік, Балхаш қаласы – 1 бірлік.
Функционалдық міндеттері:
- қарауылдық қызметке қатысу, өртті сөндіруге қатысу, адамдар мен заттарды құтқару бойынша авариялық-құтқару жұмыстарын өткізу.
Шектеулер: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің сақталуы.
Конкурсқа қатысушыға талаптар: білімі орта, арнайы-орта. Жасы отыз бес жастан аспаған, Қорғаныс министрлігінде әскери-оқу қоры дайындығы бойынша әскери қызмет пен әскери дайындық өткендер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылған азаматтар қабылданады.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi 2026 жылдың 06 қантардан бастап 2026 жылдың 20 қантарға дейін. Құжаттарды қабылдау орны: 100027, Қарағанды облысы Қарағанды қаласы Ерубаев көшесі 25, анықтама үшін телефон: 8(7212) 41-30-18, электрондық адрес: ok_dchs_karg@emer.kz
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
Кадр қызметіне қолма-қол тәртіпте құжаттарды қабылдаудың белгіленген мерзімдерінде қоса берілетін құжаттар тізбесін көрсете отырып, құжаттар тігетін мұқабатыста орналастырылған мынадай құжаттарды тапсырады:
1) өкілетті органнан белгіленген нысанды өтiнiш;
2) өкілетті органнан белгіленген нысанды кадр есебi бойынша толтырылған жеке iс парағын;
3) өкілетті органнан белгіленген нысан бойынша өз қолымен жазылған және басылған түрде толық толтырылған өмірбаяны;
4) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмесiн (болған кезде);
6)әскери билеттің немесе шақыру учаскесіне тіркелгені туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшiрмесiн (қолда бар болса);
7) 3х4 см өлшемдегі 6 (алты) фотосуретті;
8) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
9) біліміне, жұмыс тәжірибесі мен кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми (академиялық) дәрежелер мен атақтар беру туралы, спорттық жетістіктерін дәлелдейтін құжаттардың, мінездемелердің, ұсынымдардың, ғылыми жарияланымдардың және тағы басқаларының көшірмелерін) (болған кезде) тапсырады.
10) өзіне және жұбайынызға 2 дана салықты тапсыру туралы
Құжаттар пакетін толық ұсынбау оларды қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
C-SV-13 санаттары үшін, бос лауазымдарға орналасуға арналған конкурстың өту тәртібі:
Іріктеудің барлық кезеңдерінен сәтті өткен жағдайда үміткерлер алғашқы және кәсіби дайындыққа Астана қаласының ҚР ТЖМ АҚА оқу орталығына жіберіледі.