Құжаттарды қабылдау мерзiмi 2023 жылғы 13 маусымнан 2023 жылғы
19 маусымға дейін жүзеге асырылады. Құжаттарды қабылдау орны: 100000, Қарағанды облысы Қарағанды қаласы Мұстафин көшесі 4, анықтама үшін телефон: 8(7212) 51-13-80, электрондық адрес: ok_dchs_karg@emer.kz.
Ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс бөлімшесінің бастығы –
1 бірлік (Қарағанды қ.), C-SVО-6 дәрежесі.
Функционалдық міндеттері: тапсырылған қызмет бағыттарында
ақпараттық-талдау жұмысын жүзеге асырады, төтенше жағдайлар аймақтарында құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстар кезінде ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер мен байланыстың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі барлық телекоммуникациялық жүйелер мен байланыс құралдарын белгіленген тәртіппен тарту жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және т.б.
Конкурсқа қатысушыға талаптар:
Білімі – жоғары: өрт қауіпсіздігі; өрт сөндіру және авариялық-құтқару ісі; төтенше жағдайларда қорғау; азаматтық қорғаныс күштерінің командалық тактикалық; ақпараттық жүйелер; ақпараттық қауіпсіздік жүйелері; автоматтандыру және басқару; есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету; радиотехника, электроника және телекоммуникация; заңтану; құқық; құқық қорғау қызметі; есептеу техникасы мен автоматтандырылған жүйелерді бағдарламалық қамтамасыз ету; информатика; математикалық және компьютерлік модельдеу; әскери іс және қауіпсіздік; сот сараптамасы; техносфералық қауіпсіздік; төтенше жағдайлардың алдын алу және жою.
Біліктілік талаптары (жұмыс өтілінің келесі талаптардың біріне сәйкес болуы қажет):
1) құқық қорғау қызметінде жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде C-SV-5, С-SVО-4, C-SVR-3, C-SVU-4, C-SGU-7 санаттарынан төмен емес лауазымдарда не нақты құрылымдық бөлімшенің штат кестесінде көзделген келесі төмен тұрған санатының лауазымында бір жылдан кем емес;
2) құқық қорғау қызметіндегі жұмыс өтілі алты жылдан кем емес;
3) арнаулы мемлекеттік органдарда не әскери қызметте не судья лауазымында жұмыс өтілі алты жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызметте жұмыс өтілі жеті жылдан кем емес, оның ішінде саяси лауазымдарда не «А» корпусының лауазымдарында не А-4, В-5, С-4, C-O-5, C-R-2, D-4,
D-O-4, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
5) осы санаттардағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес, оның ішінде басқарушы лауазымдарда үш жылдан кем емес;
6) Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Азаматтық қорғау органы қызметкерлерінің лауазымдық жалақысы:
|
Санаты |
Лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне байланысты |
|
|
min |
max |
|
|
C-SVО-6 |
156087,54 |
210240,36 |
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген қызметкерлер кадр қызметіне келесі құжаттарды тапсырады:
1) белгіленген нысандағы өтініш;
2) жұмыстағы негізгі көрсеткіштерді және нақты жетістіктерді көрсететін қызметтік әрекет нәтижелері бар қызметтік мінездеме (еркін нысанда);
3) басшы құрам қатарынан қызметкерлердің ұсынымдары (еркін нысанда);
4) кадр қызметінің басшысы растаған қызметкердің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығы деңгейін жыл сайынғы қорытынды тексеру анықтамасы (еркін нысанда);
5) кадр қызметінің басшысы растаған кадр резервіне қою туралы бұйрықтан үзінді (болған жағдайда).
Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған және мерзімі бұзылған жағдайда кандидат конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
Ішкі конкурсты өткізу тәртібі: