«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі (Қарағанды қаласы)» ММ азаматтық қорғау органы қызметкерлерінің бос лауазымға орналасу үшін кәсіптік даярлауға іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдау туралы хабарлайды

Іріктеуге қатысу үшін барлық қатысушыларға қойылатын жалпыбіліктілік талаптары C-SV-13 санаты үшін: білімі орта, арнайы орта, жасы отыз бес жастан аспаған, Қорғаныс министрлігінде әскери-оқу қоры дайындығы бойынша әскери қызмет пен әскери дайындық өткендер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылған азаматтар қабылданады.

Іріктеу өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі (Қарағанды қаласы)» ММ кадр қызметіне қажетті құжаттарды тапсырған Қазақстан Республикасының азаматы конкурсқа қатысушы болып табылады.

 

Азаматтық қорғау органы қызметкерлерінің лауазымдық жалақысы:

 

Санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне байланысты

min

max

C-SV-13

153609,96

308870,62

 

Өрт сөндіруші-құтқарушы – 14 бірлік (C-SV-13 дәрежесі): Қарағанды қаласы – 8 бірлік, Шахтинск қаласы – 1 бірлік, Темиртау қаласы – 1 бірлік;Бұқар-Жырау ауданы, Кушокы кенті - 1 бірлік, Саран қаласы - 2 бірлік., Абай ауданы, Абай қаласы-1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: қарауылдық қызметке қатысу, өртті сөндіруге қатысу, адамдар мен заттарды құтқару бойынша авариялық-құтқару жұмыстарын өткізу.

Шектеулер: "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы"Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің сақталуы.

Конкурсқа қатысушыға талаптар: білімі орта, арнайы-орта. Жасы отыз бес жастан аспаған, Қорғаныс министрлігінде әскери-оқу қоры дайындығы бойынша әскери қызмет пен әскери дайындық өткендер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылған азаматтар қабылданады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi 2023 жылдың 16 мамырдан бастап 2023 жылдың 29 мамырға дейін. Құжаттарды қабылдау орны: 100027, Қарағанды облысы Қарағанды қаласы Ерубаев көшесі 25, анықтама үшін телефон: 8(7212) 41-30-18ф, электрондық адрес: spasr_karg@emer.kz

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

Кадр қызметіне қолма-қол тәртіпте құжаттарды қабылдаудың белгіленген мерзімдерінде қоса берілетін құжаттар тізбесін көрсете отырып, құжаттар тігетін мұқабатыста орналастырылған мынадай құжаттарды тапсырады:

1) өкілетті органнан белгіленген нысанды өтiнiш;

2) өкілетті органнан белгіленген нысанды кадр есебi бойынша толтырылған жеке iс парағын;

3) өкілетті органнан белгіленген нысан бойынша өз қолымен жазылған және басылған түрде толық толтырылған өмірбаяны;

4) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмесiн (болған кезде);

6) әскери билеттің немесе шақыру учаскесіне тіркелгені туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшiрмесiн (қолда бар болса);

7) 3х4см өлшемдегі  6 (алты) фотосуретті;

8) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

9) біліміне, жұмыс тәжірибесі мен кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми (академиялық) дәрежелер мен атақтар беру туралы, спорттық жетістіктерін дәлелдейтін құжаттардың, мінездемелердің, ұсынымдардың, ғылыми жарияланымдардың және тағы басқаларының көшірмелерін) (болған кезде) тапсырады.

10) өзіне және жұбайынызға 2 дана салықты тапсыру туралы

 

Құжаттар пакетін толық ұсынбау оларды қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

 

C-SV-13 санаттары үшін, бос лауазымдарға орналасуға арналған конкурстың өту тәртібі:

  1. Азаматтардан құжаттар қабылдау және олардың лауазымдарға қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн алдын ала қарау;
  2. медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, оның ішінде полиграфологиялық зерттеуден табысты өту;
  3. Кандидаттардың дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді тапсыруы;
  4. Қабылдау комиссиясының үміткерлермен әңгімелесуі.

 

Іріктеудің барлық кезеңдерінен сәтті өткен жағдайда үміткерлер алғашқы және кәсіби дайындыққа Нұр-Сұлтан қаласының ҚР ТЖМ АҚА  оқу орталығына жіберіледі.

 

Дата публикации
15 мая 2023