Азаматтық қорғанғаныс бағыты бойынша ақпарат

Ағымдағы жылы Қарағанды облысының ТЖ Департаменті тәуекелді бағалаудың жоғары дәрежесіне жатқызылған 402 бақылаудағы субъектілерді (объектілерді) есепке алды. Жыл сайын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарының негізінде Азаматтық қорғаныс саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу тізімдері қалыптастырылады. Осылайша, 2021 жылы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары негізінде тізімге 43 бақылау субъектісі енгізілді. Жоспарланған 43 субъектінің 42 бақылау субъектісі тексерілді. Жүргізілген профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша 511 бұзушылық анықталды, оның ішінде 290 өрескел, 149 елеулі және 72 болмашы бұзушылықтар анықталды және бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар енгізілді.

         Сондай-ақ, бұрын берілген нұсқаманы орындау үшін 12 субъектіге қатысты бұзушылықтарды жою туралы жоспардан тыс (бақылау) тексеру жүргізілді, оның нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жойған 6 субъект, қалған 6 субъектіге ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабы 3-бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, кейіннен аумағы бойынша сотқа қарау үшін жіберілді. Отырыс қорытындысы бойынша жалпы сомасы  1 млн.761 мың 869 теңгеге әкімшілік айыппұл салу туралы қаулы шығарылды.

         2021 жылғы Азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындамау бөлігіндегі негізгі бұзушылықтарға келесі бұзушылықтар жатады:

         - қорғаныш құрылыстары қорын жинақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырудың және жүргізудің болмауы және оларды бейбіт уақытта ұстау тәртібіне сәйкестігі;

         - азаматтық қорғаныс жоспарының болмауы немесе оның құрылымы мен мазмұнына сәйкес келмеуі;

         - төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарының болмауы немесе оның құрылымы мен мазмұнына сәйкес келмеуі;

         - азаматтық қорғау құралымдарын материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз ету;

         - азаматтық қорғау саласында даярлау немесе қайта даярлау бойынша сертификаттардың болмауы.

         Азаматтық қорғаныс саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің 2021 жылға арналған тізімі 100% - ға орындалды.

Дата публикации
20 декабря 2021