GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Департамент туралы
Қызметі
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Все материалы
21 октября 2026
Әріптестері Әлем кубогының қола жүлдегерін қарсы алды

Атыраулық құтқарушы Әлем кубогының қола жүлдегері атанды

2026 жылғы 16–19 қазанда Түркияның Бурса қаласында өткен қоян-қолтық ұрыстан Әлем кубогында Атырау облысы ТЖД қызметкері Хайрулина Айда Аманқосқызы +70 кг жоғары салмақ дәрежесінде «Жекпе-жек» бөлімінен III орын иеленді.

Жарысқа әлемнің 40 елінен 410 спортшы қатысты. Бүгін Атырау әуежайында жүлдегерді әріптестері қарсы алып, жетістігімен құттықтады.

20 октября 2026
Атырау облысының ТЖД радиобайланыс қамту аймағын кеңейтуде

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен облыстың шалғай аудандарында орналасқан аудандық бөлімшелер үшін 5 жаңа ретранслятор сатып алынды.

Жабдықтарды орнату радиоқамту аймағын кеңейтуге және облыстың шалғай аудандарында орналасқан бөлімшелермен тұрақты байланысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бұл жұмыстар радиобайланыстың сапасы мен сенімділігін арттыруға, сондай-ақ ТЖД бөлімшелері арасында ақпарат алмасудың жеделдігін қамтамасыз етуге бағытталған.

20 октября 2026
Атырау облысында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша жарыс өтті

19 қазан – Құтқарушылар күніне орай Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен өрт сөндіру бөлімдері арасында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша жарыс өткізілді.

Екі күнге созылған спорттық сайысқа облыстың өрт сөндіру бөлімдерінен 15 команда, жалпы саны 120 қызметкер қатысты. Қатысушылар төрт спорттық сайыс түрі бойынша өзара бақ сынап, кәсіби шеберліктері мен физикалық дайындықтарын көрсетті.

Жарыстың басты мақсаты – өрт сөндірушілердің кәсіби шеберлігін шыңдау, дене дайындығын жетілдіру, командалық үйлесімділікті арттыру және төтенше жағдайлар кезінде жедел әрі тиімді әрекет ету дағдыларын дамыту. Сайыс барысында қатысушылар шапшаңдық, ептілік, төзімділік пен ұйымшылдық танытып, жоғары дайындық деңгейін көрсетті.

 Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

 І орын – № 14 өрт сөндіру бөлімі;

 ІІ орын – № 5 өрт сөндіру бөлімі

 ІІІ орын – № 13мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі.

Жарыс жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталды.

20 октября 2026
Құтқарушылар күніне орай өрт сөндіру кроссфиті сайысы өткізілді

19 қазан – Құтқарушылар күніне орай Атырау облысы ТЖД ұйымдастыруымен өрт сөндіру бөлімдері арасында өрт сөндіру кроссфиті бойынша жарыс өткізілді.

Жарыстың негізгі мақсаты – өрт сөндірушілердің кәсіби шеберлігін шыңдау, физикалық дайындығын арттыру, төзімділігін нығайту және бөлімшелер арасындағы командалық үйлесімділікті дамыту. Байрақты бәсекеге жалпы саны 15 командадан 30 қызметкер қатысып, қатысушылар жеке және командалық есепте өзара бақ сынасты. Сайыс барысында қызметкерлер күш-қуатын, жылдамдығын, ептілігін және кәсіби даярлық деңгейін көрсетті.

Жекелей есеп бойынша жеңімпаздар:

І орын – Атырау қаласы ТЖБ №3 ӨСБ бөлімше командирі азаматтық қорғау сержанты Әліби Жоламанұлы Жоламан;

ІІ орын – Индер ауданы ТЖб №5 ӨСБ бөлімше командирі азаматтық қорғау аға сержанты Асылхан Нұрбекұлы Жұбанышқалиев;

ІІІ орын – Қызылқоға ауданы ТЖб №12 ӨСб өрт сөндіруші-құтқарушысы  азаматтық қорғау кіші сержанты Азамат Абатұлы Аманқос.

Командалық есеп бойынша жеңімпаздар:

І орын – Қызылқоға ауданы №12 өрт сөндіру бекеті;

ІІ орын – Атырау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы №13 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі;

ІІІ орын – Атырау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы №3 өрт сөндіру бөлімі.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Аталған жарыс өрт сөндірушілердің физикалық дайындығын жетілдіруге, кәсіби дағдыларын дамытуға және командалық рухты нығайтуға бағытталған маңызды іс-шаралардың бірі болды.

20 октября 2026
Атырау облысында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссия отырысы өтті

Атырау облысы әкімінің орынбасары Қ. Нұртаевтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Отырыс барысында өңірдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, алдағы қысқы кезеңге дайындықты пысықтауға және халықтың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған бірқатар өзекті мәселе қаралды.

Атап айтқанда, 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық, жылыту қазандықтарын қауіпсіз қашықтыққа шығару, апатты және тозығы жеткен ғимараттар мен құрылыстардың жай-күйі, республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының қысқы кезеңге дайындығы, облыстың өртке қарсы су көздерімен қамтамасыз етілуі, өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйі, сондай-ақ шағын көлемді кемелерді қауіпсіз пайдалану мәселелері талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша облыс әкімінің орынбасары Қ. Нұртаев тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға анықталған мәселелерді шешу, қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және алдын алу шараларын күшейту бойынша нақты тапсырмалар берді.

ТЖ профилактикасы
20 октября 2026
Атырау облысының құтқарушылары арасында үстел теннисінен турнир өтті

19 қазан – Құтқарушы күніне орай Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы арасында үстел теннисінен турнир ұйымдастырылды.

2026 жылғы 10 қазанда өткен жарысқа барлығы 31 қызметкер қатысып, өзара мықтыны анықтады. Турнирдің басты мақсаты – қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа деген қызығушылықты арттыру және ұжымдық ынтымақтастықты нығайту.

Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды сала ардагері Б. Салықов иеленді. Екінші орын «Қазавиақұтқару» жасағының қызметкері А. Құсайыновқа бұйырса, үшінші орын Атырау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының №13 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Б. Сабыровқа берілді.

Турнир қатысушыларына белсенділіктері мен спорттық шеберліктері үшін алғыс білдіріліп, жеңімпаздар құттықталды. Мұндай спорттық іс-шаралар қызметкерлердің кәсіби қызметпен қатар дене шынықтыруға көңіл бөлуіне және ұжымдағы достық қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етеді.

15 октября 2026
Атырау облысының ТЖД радиобайланыс қамту аймағын кеңейтуде

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен облыстың шалғай аудандарында орналасқан аудандық бөлімшелер үшін 5 жаңа ретранслятор сатып алынды.

Жабдықтарды орнату радиоқамту аймағын кеңейтуге және облыстың шалғай аудандарында орналасқан бөлімшелермен тұрақты байланысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бұл жұмыстар радиобайланыстың сапасы мен сенімділігін арттыруға, сондай-ақ ТЖД бөлімшелері арасында ақпарат алмасудың жеделдігін қамтамасыз етуге бағытталған.

14 октября 2026
Сот органдарымен ынтымақтастық

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында сот өкілдерінің қатысуымен практикалық семинар сабақ өткізілді.

Іс-шара барысында бірнеше өзекті мәселелер талқыланып  сот тәжірибесі мен сотқа дейінгі тергеп-тексеру сапасын арттыру мәселелері қаралды.

 

14 октября 2026
Заманауи техника – жедел әрекет етудің кепілі

Материалдық-техникалық базаны нығайту мақсатында Атырау облысының ТЖД теңгерімі заманауи үлгідегі, толық жабдықталған штабтық автокөлікпен толықтырылды.

Штабтық автокөлік қажетті құрал-жабдықтармен және байланыс жүйелерімен қамтылған. Бұл оқиға орнында тәулік уақытына қарамастан үздіксіз жұмыс жүргізуге, қажетті ақпаратты жедел әрі сапалы жеткізуге және күштер мен құралдардың іс-қимылын тиімді үйлестіруге мүмкіндік береді.

Алдағы уақытта да материалдық-техникалық базаны нығайту және қызметтің тиімділігін арттыру мақсатында заманауи үлгідегі арнайы техникалармен толықтыру жұмыстары жалғасын табады.

14 октября 2026
Берілген рұқсаттар бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестік

2026 жылдың тоғыз айында жүргізілген 26 тексеру нәтижесінде 212 бұзушылық анықталып, оларды жою бойынша тиісті шаралар қабылданды.

Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының талаптарына және тексеру кестесіне сәйкес берілген рұқсаттар бойынша біліктілік және рұқсат беру талаптарының сақталуына бақылау және қадағалау жүргізді.

Тексеру барысында өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының бұзылғаны анықталып, оларды жою туралы нұсқамалар берілді. Заңнама талаптарын бұзған субъектілер әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Сонымен қатар, 7 субъектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы аттестаттарының қолданысы уақытша тоқтатылды, ал тағы 15 субъектінің аттестаттарының қолданысы уәкілетті органға ерікті түрде жүгінуі негізінде тоқтатылды.

Департамент өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтаудың, анықталған бұзушылықтарды уақтылы жоюдың және біліктілік пен рұқсат беру талаптарына тұрақты сәйкестікті қамтамасыз етудің маңыздылығын еске салады

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы