Проведено мероприятие ко Дню Благодарения

Проведено мероприятие ко Дню Благодарения

Алғыс айту күніне орай іс-шара өткізілді

 

1 наурыз – Алғыс айту күні. Бұл күн – сан түрлі сынақтардан өткен халқымыздың ынтымақ-бірлігін айғақтайтын ерекше күн.  

Сондықтан осы мереке қарсаңында жас ұрпаққа өткенді ұғындырып, оның мән-мазмұнын түсіндіру мақсатында елімізде бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылады.

Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті де бұл мерекені атап өтуден тыс қалмады.

2023 года 28 ақпанда Департаменттің дағдарыс орталығында іс-шара өткізілді.

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы азаматтық қорғау полковнигі Жаңабаев Нұрлан Мақсотұлы «Алғыс айту күні  - айтулы күн, ризашылық пен мейірімнің, бейбітшілік пен келісімнің үйлесім тапқан мерекесі. Жақындарымызға жақсылық жасап, бір-бірімізге алғыс айтып жүрейік! Елімізден ырыс-ынтымақ кетпесін!», – деп ізгі тілегін білдіріп, бұл күннің мақсаты мен маңыздылығына тоқтала кетті.

Іс-шара барысында қызметтік міндеттерін үлгілі атқарған бірқатар қызметкерлер ІІІ және ІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен марапатталды.

Осылайша мейірім мен ризашылыққа, достық пен сүйіспеншілікке, қуаныш мен мақтанышқа толы күн қызметкерлерге ерекше көңіл күй сыйлады.

 

 

Атырау облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы