🔊Мемлекеттік өрт бақылау қызметін жүзеге асыру бойынша жиналыс өтті🔊

🔊Мемлекеттік өрт бақылау қызметін жүзеге асыру бойынша жиналыс өтті🔊

🔊Мемлекеттік өрт бақылау қызметін жүзеге асыру

бойынша жиналыс өтті🔊


2022 жылғы 20 шілдеде Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Дағдарыс орталығында Атырау қ.ТЖБ және аудандық ТЖБ бастықтарының қатысуымен Департамент бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Ақтаев Жасұлан Ақтайұлының төрағалығымен кеңес өткізілді.

Кеңесте мемлекеттік өрт бақылау қызметін жүзеге асыру және есептік тіркеу тәртібін енгізу туралы мәселелер қаралды.
Департаменттің анықтау бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры Е. Жұматов "ТЖД бөлімшелеріндегі есептік тіркеу тәртібінің жағдайына шолу" тақырыбында баяндама жасады.

"Мемлекеттік өрт бақылау қызметі, І жартыжылдықта жүргізілген тексерулер және әкімшілік іс жүргізуді енгізу туралы" Департаменттің Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының м.у.а. азаматтық қорғау капитаны Д. Берденов тыңдалды.

Кеңес барысында Департаменттің аудандық ТЖ бөлімдерінің қызметкерлері тап болатын проблемалық мәселелер қаралды. Жұмысты жақсарту мақсатында өткізілетін қажетті іс-шаралар туралы талқыланды.

Кеңес қорытындысы бойынша Департамент бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Ж.Ақтаев өрт қауіпті кезеңде алдын алу іс-шараларын жүргізу және алдағы жылыту кезеңіне дайындық жұмыстары бойынша нақты тапсырмалар берді.


Атырау облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы