
2021 жылдың 19 мамырында түс мезгілінде қаланы қалың қара түтін басты. Қала тұрғындарынан «112» Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметінің Call орталығына мазасыз қоңыраулар түсе бастады.
Шығып жатқан түтінді барлау мақсатында 16-00 де ҚР ТЖМ «Казавиақұтқару» АҚ-ның Батыс өңірлік филиалының "МИ-8 МТВ тікұшағымен әуеден барлау жұмыстары ұйымдастырылды.
Әуеден барлау жұмыстарына ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Қ.Тоқсарин және Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің 3 қызметкерімен су төгу құрылғысы бар тікұшағымен (ВСУ-5) әуеден барлау жұмыстарын жүргізді. Жану Кеңөзек ауылдық округі, Тасқала ауылынан шамамен 40 шақырым қашықтықта Каспий теңізінің жағалауында орын алған.
Барлау барысында Каспий теңізінің жағалауындағы батпақтық жерде шамамен 32 га құрғақ шөптер мен қамыстар жанған.
Сонымен қатар, ауданы 10,6 га болатын 5 өрт ошағы анықталып, жермен жүретін өрт сөндіріу автокөлігінің жете алмауына байланысты, әуеден тікұшақпен су төгу құрылғысы (ВСУ-5) арқылы бірнеше рет су төгіп, өрт сөндіру жұмыстары жүргізілді.
Қазіргі уақытта өрт бетінің елді-мекенге және егіндік алқаптарға тарап кетпеуін қадағалау мақсатында 2 бірлік өрт сөндіру автокөлігімен кезекшілік ұйымдастырылды.
20 мамыр күні орын алған дала өртін сөндіруге Департаменттің күштері мен құралдарын жұмылдыру үшін дайындық жұмыстары жүргізілуде.