Ағымдағы жылдың 28 сәуірінде Атырау қалалық орталық кітапханасы кітапханашыларының ұйымдастырылуымен Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мен Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты Алтын қақпа ойыны сайысын өткізді.
Ең алдымен, көрермендер Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған кітаптар көрмесімен танысты, содан кейін, «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты Алтын қақпа ойынымен жалғасты.
Ойын шарты бойынша ойынға 3 ойыншыдан құралған екі команда қатысты. Өзара көшбасшылары таңдалып, әр сұраққа ойлануға 1 минуттан уақыт берілді. Ойын 4 қақпадан тұрды. Атап айтқанда: 1)"Темір қақпа" "Тарих толқынында", 2) "Күміс қақпа" "Жақсының аты өлмейді", 3) "Алтын қақпа" "Тірі тұлғалар", 4) Шешуші кезең "Алтын Сандық" "Кім жүйрік". Ойыншылар қызыл жұлдызша және жасыл жұлдызша көтеру арқылы сұрақтарға жауап берілді.
Бұл сайыстың мақсаты – жас қызметкерлерді тарихтағы ұлы тұлғалармен таныстыру, тарих, әдебиет, мәдениет, өнер, ұлттық болмыс туралы түсініктерін кеңейту. Топтық жұмыс жасауға, ұйымшылдық пен жылдамдыққа, ұтқырлыққа бағыттау.
Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінен құралған команда қатарында Рахимов Нұрлыбек, Садыхова Айгерім және Туменов Арыстанбектер болды. Жас та болса, тапқырлықтары мен алғырлықтарының арқасында бұл команда 1-ші орынды иеленіп, Департамент бастығы атынан Дипломмен марапатталды.
Сонымен қатар, аталған сайысқа ерекше тапқырлығымен, жүйріктігімен көзге түскен қатысушылар Рахимов Нұрлыбек пен Мақбазов Бақтықожа Департамент бастығының Алғыс хатымен марапатталды.
Сайысты қорытындылау барысында сөз алған Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Қуаныш Тоқсарин жеңімпаздарды марапаттап, алғыс хаттарды табыс етті.
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болып, көк туымыз мәңгілік желбірей берсін!
Департаменттің Құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді дамыту тобы