
2021 жылдың 28 ақпаны күні күндіз Құрманғазы ауылының тұрғыны Тащжанов Талғат Минажұлы Шарон өзеніне балық аулауға барған. Балық аулап отырған уақытында «құтқарыңдар» деген жас баланың дауысын естиді. Сол мезетте мұз астына түсіп бара жатырған баланы көзі шалады. Іле-шала жүгіріп барып, үстіндегі күртешесі арқылы баланы қолынан тартып құтқарып шығарып алады. Орын алған оқиғаны Талғат Минажұлы ешкімге жария етпестен үйіне қайтып кетеді. Алайда, бұл оқиға туралы бізге белгілі болып,
ағымдағы жылдың 22 сәуірі күні Құрманғазы аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры Т.Сансызбаев адам өмірін құтқарып, айрықша ерлік көрсеткені үшін Тащжанов Талғат Минажұлын алғыс хатпен марапаттап, үлкен рахмет айтып, отбасына амандық тіледі.
Тащжанов Талғат Минажұлы 1965 жылы туған, Құрманғазы ауданының тұрғыны. 2005 жылдан бастап зейнеткерлік демалыста.
Осындай бейбіт күннің батырларын мақтан тұтып, көпшілікке жария ету біздің міндетіміз.
Құрманғазы ауданындық Төтенше жағдайлар бөлімі