На доме, где жил Погадаев Александр Иванович установлена мемориальная доска.

На доме, где жил Погадаев Александр Иванович установлена мемориальная доска.

2021 жылдың 15 сәуір күні Атырау қаласының халқы үлкен тарихи оқиғаның куәгері болды.

Бүгін Ұлы Отан соғысының ардагері, Өртке қарсы қызмет органдарының ардагері, "Қызыл Жұлдыз" орденінің, "Жауынгерлік еңбегі үшін" және "Германияны жеңгені үшін" медальдарының иегері ішкі қызмет полковнигі Погадаев Александр Ивановичтың тұрған үйіне мемориалдық тақта орнатылды.

 Даңқты тұлғаның есімін ұлықтауға арналған салтанатты жиынға Атырау қаласы әкімінің орынбасары С.Ж.Емберген,  Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы және А.Погадаев тұрған үйдің тұрғындары, ұрпақтары, немересі Сбитнева Ольга, ол кісімен бірге жұмыстас болған бір топ ардагерлер қатынасты.

Жиын барысында Атырау қаласы әкімінің орынбасары С.Ж.Емберген сөз сөйлеп, А.Погадаевты еске алып, жиналған жұртшылықты осы шарамен құттықтап,  өзінің жылы лебізін білдірді.

Өз кезегінде сөз алған Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі О.Қ.Бержанов А.Погадаевтың өмірбаянына қысқаша тоқталып, қызмет атқарған жылдарынан сырлы естеліктерімен бөлісті.

Сонымен бірге, Азаматтық қорғау органдарының ардагері,  Азаматтық қорғау органдары ардагерлер-кеңесінің төрағасы С.Қ.Дюсекенов өз сөз кезегінде тұлға туралы тарихқа толы әңгімелерімен бөлісті.

А.Погадаевқа арналған мемориалдық тақтаны салтанатты түрде ашу рәсімі немересі Сбитнева Ольгаға, Атырау қаласы әкімінің орынбасары С.Ж.Ембергенге, Департамент бастығы азаматтық қорғау полковнигі О.Қ.Бержановқа, ардагерлер-кеңесінің төрағасы С.Қ.Дюсекеновке жолданды.

Жиналғандар естелік тақта алдына гүл шоқтарын қойды. 

Бұл өткізілген шара жас ұрпаққа соның ішінде, жас құтқарушыларға өнеге боларлық іс.

Өткенді ұмытпай, ескіні өшірмей, көнені жаңғырту біздің мақсатымыз.

 

Атырау облысы ТЖД