Ағымдағы жылдың 29 наурызы күні №6 өрт сөндіру бөлімінің қызыметкерлері Исатай Тайманұлы атындағы аудандық тарихи-өлкетану мұражайында болып қайтты.
Мұражайға барудың басты мақсаттарының бірі- ұрпақ сабақтастығын насихаттау, азаматтық қорғау органдары қызыметкерлерін патриоттық тәрбиеде тәрбиелеу.
Мұражайдың басшысы Г. Жұбанованың қатысуымен мұражайдағы тарихи жәдігерлер және көне бұйымдармен таныстыру жұмыстары жүргізіліп, көптеген тың деректермен бөлісті.
Бөлім қызметкерлерімен, аталған мұражайдағы көне жәдігерлермен танысу барысында, ауданның шығу тарихы, тарихи тұлғалардың атқарған жұмыстары, ауданның дамуына үлес қосқан ауданның құрметті азаматтарының істері кеңінен атап өтілді.
Исатай ауданының төтенше жағдайлар бөлімі