Меню

Страницы

Статья

Атырау облысы ТЖД бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін құттықтады

Атырау облысы ТЖД бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін құттықтады

 

28 маусым - бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мерекесі.

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Ақтаев Жасұлан Ақтайұлы «24 kz», «Atameken business» республикалық телеарналарын, облыстық «Atyrau TV», «Caspian News»,  «Caspian Life» ақпараттық агенттігін, «Атырау» газеті, «Прикаспийская коммуна» газеті, «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» бір топ баспасөз өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтап қайтты.

Облыс тұрғындарына қауіпсіздіктің ережелерін жеткізуге бірге ат салысып жүрген облыстық «Atyrau TV», «Caspian News» теле арналарының ұжымына және  «Caspian Life» ақпараттық агенттігінің тілшісі Р. Қойлыбаевқа Департамент бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Ж. Ақтаев ҚР Төтенше жағдайлар министрі Ю. Ильиннің алғыс хатын табыстады.

Содан соң, өрт сөндірушілердің, құтқарушылардың ерліктерін, қызметін көрсете білген журналис­терге Атырау облысы ТЖД бастығы полковник Битаев Сәбит Кенжеханұлының атынан алғыс хат табыс етті.

«Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Өзара бірлескен іс-әрекеттеріміздің арқасында газет беттерінде, телехабарларда үнемі құтқарушылар туралы қызықты сюжеттер, өзекті репортаждар, материалдар жарияланып келеді. Сіздерге және отбасыларыңызға табыс, бақыт тілейміз. Әр бастамаларыңыз сәттілікке толы болсын! Еңбектеріңізге рахмет!», - деп Ж. Ақтаев журналистерге ризашылығын білдірді.

 

 

Атырау облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы

Дата публикации
28 июня 2022
Дата обновления
28 июня 2022
Тип

Сейчас читают

Төтенше жағдай қызметі хабарлайды
10 февраля 2024
🔴Назар аударыңыз: жолдың жабылуы!
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Жедел ақпарат
21 ноября 2023
2023 жылғы 22 қараша күніне дауылды ескерту

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы