21 мамырда Атырау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20, екпіні 23 м/с.
Атырау қаласында 21 мамырда түнде және таңертең кей уақыттарда найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді:
Қатты жел кезінде сақтық шаралары:
- егерде сізкөшеде қатты желге тап болсаңыз, ғимараттар мен құрылыстарды паналау кажет.
- қатты желден үйлердің қабырғаларына жақын тығылмаңыз, өйткені шифер және басқа да шатыр материалдары шатырлардан құлап кетуі мүмкін.
- жоғарғы қабаттың терезелерінен құлаған әйнек, сондай-ақ желмен жыртылған шатыр элементтері қауіпті болуы мүмкін.
-үзілген сымдарға жақындау қауіпті.
- сонымен қатар билбордтардан, маңдайшалардан, жол белгілерінен, электр желілерінен аулақ болуыңыз керек.
- үлкен ағаштардың жанында болу қауіпті, сондай-ақ олардың жанында жел соғып тұрған автокөліктерді қою өте қауіпті болуы мүмкін.
- үйлердің барлық терезелері мықтап жабылып, құлап кетуі мүмкін балкондар мен лоджиялардан аулақ болу керек.
Атырау облысы ТЖД
Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің
бас маманы Д. Берденов