«Қазгидромет» РМК Атырау облысы бойынша филиалының мәліметіне сәйкес, 26 ақпан Атырау облысының оңтүстік-батысында және орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с
Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді:
- егерде сізкөшеде қатты желге тап болсаңыз, ғимараттар мен құрылыстарды паналау кажет.
- қатты желден үйлердің қабырғаларына жақын тығылмаңыз, өйткені шифер және басқа да шатыр материалдары шатырлардан құлап кетуі мүмкін.
- жоғарғы қабаттың терезелерінен құлаған әйнек, сондай-ақ желмен жыртылған шатыр элементтері қауіпті болуы мүмкін.
-үзілген сымдарға жақындау қауіпті.
- сонымен қатар билбордтардан, маңдайшалардан, жол белгілерінен, электр желілерінен аулақ болуыңыз керек.
- үлкен ағаштардың жанында болу қауіпті, сондай-ақ олардың жанында жел соғып тұрған автокөліктерді қою өте қауіпті болуы мүмкін.
- үйлердің барлық терезелері мықтап жабылып, құлап кетуі мүмкін балкондар мен лоджиялардан аулақ болу керек.
- автокөлік құралдары мен шағын қайықтардың иелері тез өзгеретін ауа-райы жағдайларын да ескеруі керек.