Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескерту туралы!

«Қазгидромет» РМК Атырау облысы бойынша филиалының мәліметіне сәйкес, 10 наурызда Атырау облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Шығыс, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында 15-20 м/с.

Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді:

Тұман кезіндегі шақтық шаралары:

- ауа-райының өзгеруімен және енгізілген шектеулер туралы ақпаратты қадағалап отырыңыз;

- жаяу жүргіншілер белгіленген жерден ғана өтуі қажет;

- жүргізушілерге жолға шығуға тура келген жағдайда, тұман аумағында жылдамдықты бәсеңдетіңіз;

- жолдағы көрініс 2 метрден аспайтын болса, қозғалысты тоқтатуыңыз қажет;

Көктайғақ кезіндегі сақтық шаралары:

- жүргенде әр қадамыңызды нық басып, асықпай жүріңіз. Асыққан кезде қауіп күшейіп, адам тайып құлауы, сүрініп кетуі әбден мүмкін.

-қолыңызда зат болмағаны жақсы. Егде адамдар басында резеңкесі бар таяқ ұстағаны абзал.

-жарақат алған жағдайда дереу дәрігерге көрініңіз.Көктайғақ кезінде жүріп келе жатқан көлікке жақындамаңыз. Бұл өте маңызды.

-сонымен бірге аялдама, баспалдақ, табалдырық адамдардың ең көп құлайтын жері екенін ескеріңіз.

Көктайғақ кезінде егде жастағы тұрғындар көп жарақат алып жатады. Сондықтан олар тайғақ кезде сыртқа шығуды шектегені дұрыс. Үлкен кісілер басында резеңкесі бар таяқпен жүруі немесе айналасындағы адамдардың көмегіне жүгінуі қажет.

Жүргізушілер автокөліктің техникалық жағдайына, әсіресе, тежеуіш жүйесіне, дөңгелектердің жарамдығы мен оның маусымға сәйкестігіне назар аударуы керек. Жолға шықпас бұрын қозғалысты аз жылдамдықпен ақырын бастаңыз. Мектеп жанында, көпірде, көше қиылыстары мен бұрылыстарында қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жылдамдықпен жүріңіз. Қозғалыс кезінде көліктер арасындағы қашықтықты әдеттегіден алысырақ ұстау қажет. Сырғып кетіп, өзіңіз және айналаңыздағылар зардап шекпеуі үшін күрт қозғалмаңыз. Сонымен қатар автокөлікпен алыс жолға шығуды мүмкіндігінше шектеңіз.

 

Атырау облысы ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бас маманы Д. Берденов

 

 

Дата публикации
09 марта 2022
Дата обновления
09 марта 2022
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Төтенше жағдай қызметі хабарлайды
10 февраля 2024
🔴Назар аударыңыз: жолдың жабылуы!
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Жедел ақпарат
21 ноября 2023
2023 жылғы 22 қараша күніне дауылды ескерту

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы