22-23 ақпан Атырау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында тұман, түнде облыстың солтүстік-шығысында және орталығында көктайғақ күтіледі.
Атырау қаласында 22-23 ақпан тұман күтіледі.
Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді:
Тұман кезіндегі шақтық шаралары:
- ауа-райының өзгеруімен және енгізілген шектеулер туралы ақпаратты қадағалап отырыңыз;
- жаяу жүргіншілер белгіленген жерден ғана өтуі қажет;
- жүргізушілерге жолға шығуға тура келген жағдайда, тұман аумағында жылдамдықты бәсеңдетіңіз;
- жолдағы көрініс 2 метрден аспайтын болса, қозғалысты тоқтатуыңыз қажет;
Көктайғақ кезіндегі сақтық шаралары:
- жүргенде әр қадамыңызды нық басып, асықпай жүріңіз. Асыққан кезде қауіп күшейіп, адам тайып құлауы, сүрініп кетуі әбден мүмкін.
-сонымен бірге аялдама, баспалдақ, табалдырық адамдардың ең көп құлайтын жері екенін ескеріңіз. Баспалдақпен жүргенде сүйенішті қолданыңыз, тек құм төселген жермен жүріңіз.
Жүргізушілер автокөліктің техникалық жағдайына, әсіресе, тежеуіш жүйесіне, дөңгелектердің жарамдығы мен оның маусымға сәйкестігіне назар аударуы керек.Жолға шықпас бұрын қозғалысты аз жылдамдықпен ақырын бастаңыз. Мектеп жанында, көпірде, көше қиылыстары мен бұрылыстарында қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жылдамдықпен жүріңіз. Қозғалыс кезінде көліктер арасындағы қашықтықты әдеттегіден алысырақ ұстау қажет.Сырғып кетіп, өзіңіз және айналаңыздағылар зардап шекпеуі үшін күрт қозғалмаңыз. Сонымен қатар автокөлікпен алыс жолға шығуды мүмкіндігінше шектеңіз.
Атырау облысы ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бас маманы Д. Берденов