Меню

Страницы

Статья

Атыраулық құтқарушылар ШҰҒЫЛ ХАБАРЛАМА таратты

Мұзға шықпа, өміріңе қауіп төндірме! Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті осындай ескерту жариялады.

Аталған департаменттің қоғаммен байланыс тобының мәліметінше, аймақтағы су айдындарындағы төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында мамандар күн сайын таңнан кешке дейін мұз үстін бақылап жүреді.

– Былтыр қазан айынан бастап 201 рейд ұйымдастырылып, 1023 жадынама таратылды. Облыс мектептерінде қысқы кезеңде қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша мыңнан астам оқушы үшін 42 сабақ өткізілді. Атырау қаласындағы Жайық өзеніндегі мұз қалыңдығы – орташа 10-13 см, Құлсары қаласындағы Қамыскөл мен Құрсай өзенінде – 15 см болса, Құрманғазы ауданындағы Шора және Қиғаш өзендерінде мұз әлі қатқан жоқ.

Рейд барысында балық аулап отырған және мұз үстінде демалып жүрген тұрғындармен профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Тәжірибе көрсеткендей, негізгі тәуекел тобына оқушылар мен балықшылар жатады. Құтқарушылар ата-аналарға балаларымен жұқа мұз үстіне шықпауға, мұның соңы қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін екенін ескеріп, баланы қараусыз қалдырмауға кеңес береді, – дейді мамандар.

Сондай-ақ, құтқарушылардың міндеті — қыс мезгілінде балық аулаушыларға мұз үстіндегі қауіп жөнінде ақпарат жеткізу.

– Өзіңізбен бірге құтқару құралдарының болғаны жөн. Бір ұшына ауыр салмақты зат байланған 20-25 метрлік сапалы арқан ала шығыңыз. Жаныңыздағы серігіңіз мұзға түсіп кеткен жағдайда, арқанның ауыр зат байланған жағын соған қарай лақтырыңыз, – дейді мамандар.

https://atr.kz/zhanalyqtar/atyraulyq-qutqarushylar-shugyl-habarlama-taratty/?fbclid=IwAR0EulzyD9F7ZYz8U0t0wnt4FpoU6y4hgUwalycbqLoF2ZQFUkhw8Os0a9o

Дата публикации
21 января 2022
Дата обновления
24 января 2022
Тип
Біз туралы БАҚ

Сейчас читают

Төтенше жағдай қызметі хабарлайды
10 февраля 2024
🔴Назар аударыңыз: жолдың жабылуы!
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Жедел ақпарат
21 ноября 2023
2023 жылғы 22 қараша күніне дауылды ескерту

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы