«Қазгидромет» РМК Атырау облысы бойынша филиалының мәліметіне сәйкес, 20 қаңтарда Атырау облысының батысында және орталығында тұман, көктайғақ күтіледі.
Атырау қ.: 20 қаңтарда тұман, көктайғақ күтіледі.
Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді:
Тұман кезіндегі шақтық шаралары:
- ауа-райының өзгеруімен және енгізілген шектеулер туралы ақпаратты қадағалап отырыңыз;
- жаяу жүргіншілер белгіленген жерден ғана өтуі қажет;
- жүргізушілерге жолға шығуға тура келген жағдайда, тұман аумағында жылдамдықты бәсеңдетіңіз;
- жолдағы көрініс 2 метрден аспайтын болса, қозғалысты тоқтатуыңыз қажет;
Көктайғақ кезіндегі сақтық шаралары:
- жүргенде әр қадамыңызды нық басып, асықпай жүріңіз. Асыққан кезде қауіп күшейіп, адам тайып құлауы, сүрініп кетуі әбден мүмкін.
-былғары мен пластик табан сырғанақ келеді. Аяқкиіміңіз тым тайғақ болса, оған поролон, пластырь, изолента жапсырып алуға болады немесе астын құммен ысқылау керек.
-егер аяғыңыз тайып кетсе, тізені бүгіп, жүрелей қалу қажет. Құлап бара жатқанда домалап, жерге жұмсақ түсуге тырысыңыз. Қолыңыздағы затты сақтаймын деп әуре болмаңыз.
-құлап қалсаңыз тез тұруға асықпаңыз, ешқандай жарақаттың жоғына көз жеткізіңіз. Тұра алмай қалған немесе жарақат алған жағдайда айналаңыздан көмек сұраңыз.
-жарақат алған жағдайда дереу дәрігерге көрініңіз.Көктайғақ кезінде жүріп келе жатқан көлікке жақындамаңыз. Бұл өте маңызды.
-сонымен бірге аялдама, баспалдақ, табалдырық адамдардың ең көп құлайтын жері екенін ескеріңіз. Баспалдақпен жүргенде сүйенішті қолданыңыз, тек құм төселген жермен жүріңіз.
Жүргізушілер автокөліктің техникалық жағдайына, әсіресе, тежеуіш жүйесіне, дөңгелектердің жарамдығы мен оның маусымға сәйкестігіне назар аударуы керек.Жолға шықпас бұрын қозғалысты аз жылдамдықпен ақырын бастаңыз. Мектеп жанында, көпірде, көше қиылыстары мен бұрылыстарында қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жылдамдықпен жүріңіз. Қозғалыс кезінде көліктер арасындағы қашықтықты әдеттегіден алысырақ ұстау қажет. Сонымен қатар автокөлікпен алыс жолға шығуды мүмкіндігінше шектеңіз.
Атырау облысы ТЖД
Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бас маманы Д. Берденов