Атырау облысында А-28 «Атырау-Индер» республикалық тас жолының бір бөлігі жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz
Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 2 қаңтар күні сағат 11:50-ден бастап Атырау облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, А-28 «Атырау-Индер» автожолының учаскесінде қозғалыс жабылды. Қозғалыс 64 - 164 км (Махамбет кенті – Индер кенті) автокөліктің барлық түрлері үшін тоқтатылды.
Атырау облысы ТЖД осы бағытта жүруден бас тартуды және 112 қызметінің СМС-хабарламаларын назардан тыс қалдырмауды сұрайды.
https://egemen.kz/article/300448-atyrau-inder-respublikalyq-tas-dgoly-dgabyldy?fbclid=IwAR1XqOVJtvoqntMF3Z_v9p0CAfSZToOLMgGPXtGf02gKe0AltsW3-q6m4E4V