15 қаңтарда Атырау облысының басым бөлігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.
Атырау қаласында 15 қаңтарда бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с.
Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді:
Көктайғақ кезіндегі сақтық шаралары:
- жүргенде әр қадамыңызды нық басып, асықпай жүріңіз. Асыққан кезде қауіп күшейіп, адам тайып құлауы, сүрініп кетуі әбден мүмкін.
-мұзда тайып құламау үшін әуелі биік өкшелі аяқ киім емес, мұндай күндері табаны жұмсақ, таймайтын аяқкиім кигеніңіз дұрыс.
-былғары мен пластик табан сырғанақ келеді. Аяқкиіміңіз тым тайғақ болса, оған поролон, пластырь, изолента жапсырып алуға болады немесе астын құммен ысқылау керек.
-егер аяғыңыз тайып кетсе, тізені бүгіп, жүрелей қалу қажет. Құлап бара жатқанда домалап, жерге жұмсақ түсуге тырысыңыз. Қолыңыздағы затты сақтаймын деп әуре болмаңыз.
-құлап қалсаңыз тез тұруға асықпаңыз, ешқандай жарақаттың жоғына көз жеткізіңіз. Тұра алмай қалған немесе жарақат алған жағдайда айналаңыздан көмек сұраңыз.
-көктайғақ кезінде жүріп келе жатқан көлікке жақындамаңыз. Бұл өте маңызды.
-сонымен бірге аялдама, баспалдақ, табалдырық адамдардың ең көп құлайтын жері екенін ескеріңіз. Баспалдақпен жүргенде сүйенішті қолданыңыз, тек құм төселген жермен жүріңіз.
Қатты жел кезінде сақтық шаралары:
- егерде сізкөшеде қатты желге тап болсаңыз, ғимараттар мен құрылыстарды паналау кажет.
- қатты желден үйлердің қабырғаларына жақын тығылмаңыз, өйткені шифер және басқа да шатыр материалдары шатырлардан құлап кетуі мүмкін.
- жоғарғы қабаттың терезелерінен құлаған әйнек, сондай-ақ желмен жыртылған шатыр элементтері қауіпті болуы мүмкін.
-үзілген сымдарға жақындау қауіпті.
- сонымен қатар билбордтардан, маңдайшалардан, жол белгілерінен, электр желілерінен аулақ болуыңыз керек.
- үлкен ағаштардың жанында болу қауіпті, сондай-ақ олардың жанында жел соғып тұрған автокөліктерді қою өте қауіпті болуы мүмкін.
- үйлердің барлық терезелері мықтап жабылып, құлап кетуі мүмкін балкондар мен лоджиялардан аулақ болу керек.
Атырау облысы ТЖД
Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің
бас маманы Д. Берденов