Назар аударыңыз! Жолдың жабылуы!
3 қаңтар күні сағат 19.00-ден бастап "ҚазАвтоЖол" АҚ БҚОФ мәліметтері бойынша ауа райының нашарлауына байланысты (төменгі бұрқасын) Атырау облысының шекарасынан Чапаев ауылына дейінгі 189-372 км Республикалық маңызы бар "Орал-Атырау" автожолының учаскесінде барлық автокөлік түрлері үшін қозғалыс жабылды.
Атырау облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы