"Төтенше жағдай Құрманғазы ауданының Құрманғазы ауылында болды. Жерұйық көшесіндегі тұрғын үйдің өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келген кезде ауданы 150 м2 уақытша тұрғын үйдің және кіріктірілген гараждың жабыны ашық отпен жанып кетті. Өрт салдарынан гараж ішінде болған "Toyota Ipsum" және "ВАЗ-2114" маркалы автомобильдер толығымен жанып кетті. Өрт сөндірушілер тұрғын үйдің толық жануын болдырмады. Өртте Өзбекстан Республикасының 1989 ж. т. азаматы, қала тұрғыны Хорезм II дәрежелі 8-20% термиялық күйік алып, аудандық орталық аурухананың хирургиялық бөліміне жатқызылды. Өртті сөндіруге Құрманғазы ауданы №7 ӨСБ жеке құрамынан 12 адам және 2 бірлік негізгі техника жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі анықталуда", - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Все права защищены. Используйте активную ссылку на inform.kz https://www.inform.kz/ru/grazhdanin-uzbekistana-postradal-pri-pozhare-v-atyrauskoy-oblasti_a3845167?fbclid=IwAR0PIJT_wwfeomz5MZ6_etIZ_DjGpwJh1mAHxP3GcGp9vOydX3Xun2q4hT4