«Қазгидромет» РМК Атырау облысы бойынша филиалының мәліметіне сәйкес, 20 қыркүйекте Атырау облысының батысында күннің соныңда найзағай күтілуде.
Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді:
Найзағай кезіндегі сақтық шаралары:
• найзағай кезінде жерге жатуға, ағаштың астын тасалауға, бір орында тұруға да, жылдам жүруге де, жүгіруге де болмайды. Бір қалыпты жылдамдық сақтаған дұрыс;
• көшеде жүрсеңіз, автобусты, көліктерді паналауға болады.
• ал үйде болсаңыз, электрмен жұмыс істейтін барлық аппаратты өшіріп, есік-терезені жабыңыз.