Меню

Страницы

Статья

"Егіздер терезеден құлаған кезде, әкесі ұйықтап жатқан"

Express Qazagstan тілшісі қайғылы оқиға болған пәтерге барып, мән-жайды білді.

Қайғылы оқиға қаладағы Береке ықшамауданында болған. Әкесі жұмыстан келгеннен кейін, анасы оған егіздерді табыстап, өзі мейрамханаға жұмысқа кеткен. Әкесінің көзі ілініп кеткенде, ас үйде жүрген егіздер терезе алдына шығып, үшінші қабаттан құлап кеткен. Құлаған балаларды аулада ойнап жүрген мектеп оқушылар мен есік алдында отырған көршілері көріп, жедел-жәрдемге қоңырау шалған.

Оқиғаны естіп, есеңгіреп қалдық. Бар болғаны бір жастағы бүлдіршідер ғой. Отбасыны жақсы танымаймын. Тек пәтер жалдап тұратынын білеміз,

дейді аты-жөнін атамауды сұраған көршісі.

Есік алдын сыпырып жүрген аула сыпырушысының айтуынша, балалар аулаға құлаған. Жедел-жәрдем көлігі бүлдіршіндерді облыстық балалар ауруханасына жеткізген. Алайда егіздердің біреуі ауруханада қайтыс болды. Көршілердің айтуынша, оқиға болған келесі күні ерлі-зайыптылар көшіп кеткен.

Жұмыс істейтін жас отбасы ғой. Келесі күні аяқ-астынан көшіп кетті. Қайда жерлегендерін де білмейміз. Әрине, қиын жағдай. Екінші бала аман-есен жазылып шықса екен деп тілейміз,

дейді көршісі.

Express Qazagstan тілшісі анықтағандай, егіздер — ерлі-зайыптылардың тұңғышы екен. Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасында, екінші баланың жағдайы жақсарып, жансақтау бөлімінен травматология бөліміне ауыстырылғанын хабарлады.

Сондай-ақ оқиға орнында рейдтік іс-шара өткізіп жүрген Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерін көрдік. Олар қайғылы оқиғадан кейін пәтерлерді аралап, қауіпсіздік ережелері жазылған жадынама таратып жүр.

Көптеген пәтәрлер терезелеріне темір тор орнатпаған. Балалар сол себепті құлап жатады. Жыл басынан бері қалада бес бала терезеден құлап, екеуі қайтыс болды. Егіздердің біреуі ауруханада қайтыс болды,

ТЖД бас маманы Дәурен Берденов.

Атырауда егіз балалар үшін қабаттың терезесінен құлап, біреуі қайтыс болғанын Express Qazagstan бұған дейін хабарлаған болатын.

exk.kz/kk/news/107121/ieghizdier-tierieziedien-kulagan-kiezdie-kiesi-uiyktap-zhatkan

Дата публикации
08 сентября 2021
Дата обновления
08 сентября 2021
Тип
Біз туралы БАҚ

Сейчас читают

Төтенше жағдай қызметі хабарлайды
10 февраля 2024
🔴Назар аударыңыз: жолдың жабылуы!
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Жедел ақпарат
21 ноября 2023
2023 жылғы 22 қараша күніне дауылды ескерту

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы