«Қазгидромет» РМК Атырау облысы бойынша филиалының мәліметіне сәйкес, 23 шілдеде Атырау облысында кей жерлерде найзағай, шаңды дауыл, оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып соғатын жел 15-20 м/с күтіледі. Күндіз кей жерлерде 37 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Кей жерлерде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Атырау қ.: күндіз 23 шілдеде найзағай, оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 15-18 м/с күтіледі.
Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімі