Жыл сайын республикамыздың облыстарында өрт-қолданбалы спорты бойынша түрлі жарыстар өткізіледі. Биыл ҚР ТЖМ «Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорт федерациясы» кубогы IV турнирі Атырау облысында өткізіледі.
Турнир 26 - 28 мамыр аралығында өткізіледі.
Турнирдің бас төрешісі – Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі О.Қ.Бержанов.
2021 жылғы 26 мамыр - турнирдің 1-кезеңі «Самал» ықшам ауданында орналасқан №13 өрт сөндіру бөлімінде өтеді.
Сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін оқу-жаттығу мұнарасының 2-ші қабатына шабуыл сатысымен көтерілу (әйелдер арасында).
Сағат 13.00-ден 16.00-ге дейін оқу-жаттығу мұнарасының 4-ші қабатына шабуыл сатысымен көтерілу (ерлер арасында).
Сағат 17.00-де «Самал» ықшам ауданында орналасқан №13 өрт сөндіру бөлімінде ҚР ТЖМ «Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорт федерациясы» кубогы IV турнирінің салтанатты ашылуына арналған концерттік шара өткізіледі.
Осы күні сағат 18.00-ден 19.30-ге дейін оқу-жаттығу мұнарасының 2-4-ші қабатына шабуыл сатысымен көтерілу бойынша спортшылардың финалдық жарысы (әйелдер мен ерлер командасы).
2021 жылғы 27 мамыр - турнирдің 2-кезеңі «Самал» ықшам ауданында орналасқан №13 өрт сөндіру бөлімінде Кедергілері бар 100 метрлік жолақтан өту сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін әйелдер арасында өткізіледі. Сағат 12.00-ден 15.00-ге дейін ерлер арасында өткізіледі.
2021 жылғы 28 мамыр – Атырау қаласы, Тұрғын үй қалашығы, «Мұнайшы» орталық стадионында 4x100 метрлік өрт эстафетасы өтеді.
Сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін ерлер арасында, сағат 13.30-дан 16.30-ға дейін әйелдер арасында өткізіледі.
Сол күні сағат 18.00-де «Самал» ықшам ауданында орналасқан №13 өрт сөндіру бөлімінде турнирдің салтанатты жабылуы мен жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі және мерекелік концерттік шара өткізіледі.