«Қазгидромет» РМК Атырау облысы бойынша филиалының мәліметіне сәйкес, Атырау облысының аумағында 21 сәуір 20.00 сағаттан бастап 22 сәуір сағат 20.00-ге дейін желдің екпіні 15-20 м/с. болуы күтілуде, найзағай және шаңды дауыл болуы мүмкін
Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді:
- егерде сіз көшеде қатты желге тап болсаңыз, ғимараттар мен құрылыстарды паналау кажет.
- қатты желден үйлердің қабырғаларына жақын тығылмаңыз, өйткені шифер және басқа да шатыр материалдары шатырлардан құлап кетуі мүмкін.
- жоғарғы қабаттың терезелерінен құлаған әйнек, сондай-ақ желмен жыртылған шатыр элементтері қауіпті болуы мүмкін.
-үзілген сымдарға жақындау қауіпті.
- сонымен қатар билбордтардан, маңдайшалардан, жол белгілерінен, электр желілерінен аулақ болуыңыз керек.
- үлкен ағаштардың жанында болу қауіпті, сондай-ақ олардың жанында жел соғып тұрған автокөліктерді қою өте қауіпті болуы мүмкін.
- үйлердің барлық терезелері мықтап жабылып, құлап кетуі мүмкін балкондар мен лоджиялардан аулақ болу керек.
- автокөлік құралдары мен шағын қайықтардың иелері тез өзгеретін ауа-райы жағдайларын да ескеруі керек.
Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімі