Ағымдағы жылдың 25 наурызы күні Ақтөбе – Атырау тас жолының 341-ші шақырымындағы Сағыз ауылынан 1 шақырымда орналасқан айналма жолдағы көпірді су басуы орын алды.
Ақтөбе облысынан бастау алып, Сағыз аулының ішінен өтіп, Қоңырсай өзеніне құйылатын Ноғайты өзенінің деңгейі толасыз жауған нөсер жаңбыр салдарынан көтерілген. (жауын-шашын мөлшері бір тәулікте нормадан артық 21 мм, норма: 10-15мм)
Дабыл бойынша Сағыз стансасы, №12 Өрт сөндіру бекетінің жеке құрамы толықтай жұмылдырылып, аудандық Полиция бөлімінің, Сағыз ауыл әкімшілігінің қызметкерлерімен бірлесіп, Қ.Оразов, О.Ахметов, Т.Декеев, Т.Жанұзақов және Т.Біләлов көшелерінде орналасқан 1329 үй араланып, су басу қауіпі жоқтығы анықталды.
Оқиға орнына Қызылқоға аудандық Төтенше жағдай бөлімінің бастығы М.Кузембаев, Сағыз ауылының әкімі Ә.Нұралы барды. «ҚазАвтоЖол» мекемесінің мердегер компаниясы «Шанхай Констракшн Групп КОО ЛТД» ЖШС-нен 3 самосвал, 2 погрузчик, 1 экскаватор техникаларымен уақытша салынған айналма көпірге 100 тонна топырақ және 160 тонна щебень төгіп көпірдің екі жағын бөгеу жұмыстары жүргізді.
Казіргі уақытта судың деңгейі түсіп, қауіп сейілді.
Бұзылған көпірге қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізілуде.